Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биылдан бастап Қазақстанда айыппұл мөлшері 5%-ға артты

Биылдан бастап Қазақстанда айыппұл мөлшері 5%-ға артты


1 қаңтардан бастап көлік салығы көбейеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Колеса сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бастап айлық есептік көрсеткіш көлемі 120 теңгеге артып, 2 405 теңгенің орнына 2 525 теңге болды, яғни АЕК 5 пайызға жоғарылады. Сәйкесінше, автокөлік иелерінің түрлі жағдайларға қатысты жасайтын төлемдерінің де көлемі артты.
Бұған дейін жылдамдықты сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін арттырғандар 12025 теңге айыппұл төлеп келген еді. Енді бұл айыппұл көлемі 12 625 теңгені құрап отыр.
Жаяу жүргінші жолында, гүлзарлар мен көгалда, балалар ойын алаңдар мен спорт алаңдарында көлік қойғандар бұдан былай 25250 теңге (10 АЕК) төлейтін болады. Бұл төлем өткен жылғымен салыстырғанда 1200 теңгеге артық.
Осы орайда, Kolesa.kz бұрында хабарлағандай, Әкімшілік кодекстің кейбір баптарындағы ереже бұзғаны үшін көлік басқару құқығынан айыратын жаза түрі айыппұл салумен ауыстырылуы мүмкін, бірақ құжатқа енуі мүмкін бұл өзгерістерді депутаттар әлі де қарастыруда.
Сонымен қатар, Көлік салығы да артты. Мысалы, 2018 жылы ел қазынасына 2 АЕК, яғни 4810 теңге құйған шағын литражды (қозғалтқыш көлемі 1 100-ден 1 500 текше см-ге дейін) көлік иелері 2019 жылдан бастап 5 050 теңге төлейтін болады.
3 АЕК, яғни 7215 теңге төлеп келгендер енді 7575 көлемінде ақша жұмсайды. Ал көлемі үлкен темір тұлпар иелері 281385 (117 АЕК ) теңгенің орнына, 2019 жылы 295425 теңге көлемінде салық төлейді.

06 қаңтар 2019 ж. 1 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930