Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – БАРШАҒА МІНДЕТ

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – БАРШАҒА МІНДЕТ

5 қыркүйек күні «Руханият» орталығында Қазақстан халқы тілдері күні және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында мектеп оқушылары арасында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбында эссе байқауы өтті.
Сайысты аудандық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы шеңберінде «Қазалы-Жомарт» қоғамдық бірлестігі мен облыстық «Қоғамдық келісім» орталығының аудан бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысының ұйымдастырды.
Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу, ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат еткен байқауға онға жуық талапкер қатысты.
Тақырыпты аша алуы, ойының жүйріктігемен көзге түскен шығарма авторлары жүлделі орындармен марапатталды.
Тілдер күні мерекесіне орай №270 мектепте оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, таза сөйлеуге баулу, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, сондай-ақ тіл білімінің негізін қалаған тұлғаларды дәріптеу мақсатында онкүндік іс-шарасы басталды.
Аталған шара қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Үш тіл – бір мақсат, бір мүдде» тақырыбында жүргізілді.
Салтанатты ашылу рәсімін мектеп директорының бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Болат Сейілханов жүргізді. Ол өз сөзінде тілдің ұлттың рухани қазынасы екенін атап өтіп, көптілді білім беру оқушылардың болашағына жол ашатынын жеткізді.

«Өскен өңір» ақпарат
16 қыркүйек 2025 ж. 37 0

Қоғам

ҚАЛТАНЫ ҚАҒАР ҚЫРКҮЙЕК
16 қыркүйек 2025 ж. 37

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930