Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІР ТОП БОЗБАЛА ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

БІР ТОП БОЗБАЛА ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Сәрсенбі күні «Тағзым» алаңында әскери қызмет жасындағы азаматтардың кезекті тобын Отан алдындағы борышын өтеуге салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Қ.Бегманов, құқық қорғау саласының ардагері А.Сармантаев, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Байжанов, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Шиелі шекара бөлімінің бастығының орынбасары, капитан А.Манапов, аудандық мәслихат депутаты Н.Шәлекеева және БАҚ өкілдері мен ата-аналар қатысты.
Шығарып салу рәсіміне қатысқан қонақтар болашақ сарбаздарға өздерінің ыстық ықыластары мен тілектерін білдірді. Кешті аудан өнерпаздары әсем әнмен әрледі.
Айта кету керек, аудан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қатарына 10 азамат жөнелтілді. Жалпы күзгі әскерге шақыртуға 96 азаматты жөнелту жоспарланған. Ал көктемгі шақыртылуымен 92 азамат Отан алдындағы борышын өтеуде.
Ауданда әскерге салтанатты түрде шығарып салу рәсімдері алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

«Өскен өңір» ақпарат
08 қыркүйек 2025 ж. 72 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9351)

04 қараша 2025 ж.

№83 (9350)

01 қараша 2025 ж.

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930