Әскери борыш – абыройлы міндет
Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болсын, Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келген. Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы.
Әңгіменің басынан-ақ тақырыптың аясы аян болған шығар баршаға. Иә, «Көкшоқы» мөлтек ауданында орналасқан «Тағзым» алаңына сәрсенбі күні бірыңғай әскери формадағы жасөспірімдер мен аудан тұрғындары жиналды. Мақсат – жас сарбаздарды әскерге салтанатты түрде шығарып салу. Айта кету керек, биыл ауданда көктемгі шақыртуға облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттен 73 азаматқа тапсырыс берілген болса, мерзімді әскер қатарына 75 азамат жіберілген. Ал, күзгі әскерге шақыртуға 120 азамат жөнелту жоспарланған. Сәрсенбінің сәтті күнінде 13 жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.
Әңгіменің басынан-ақ тақырыптың аясы аян болған шығар баршаға. Иә, «Көкшоқы» мөлтек ауданында орналасқан «Тағзым» алаңына сәрсенбі күні бірыңғай әскери формадағы жасөспірімдер мен аудан тұрғындары жиналды. Мақсат – жас сарбаздарды әскерге салтанатты түрде шығарып салу. Айта кету керек, биыл ауданда көктемгі шақыртуға облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттен 73 азаматқа тапсырыс берілген болса, мерзімді әскер қатарына 75 азамат жіберілген. Ал, күзгі әскерге шақыртуға 120 азамат жөнелту жоспарланған. Сәрсенбінің сәтті күнінде 13 жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.
Сөзімізді әрі қарай сабақтасақ, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тағзым» алаңында «Отан қорғау – азаматтық борышымыз» тақырыбында паториоттық салтанатты шара өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, Шиелі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Р.Шарипаев, Құқық қорғау саласының ардагері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил қатысты.
Мемлекеттік Әнұранмен басталған салтанатты шарада А.Әбілқасымұлы жас сарбаздарға сәттілік тілеп:
– Отан – әрқайсымызға ортақ құндылық Тұңғыш Президент – Н.Назарбаевтың «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан», – деген сөзі әрбір Отан қорғаушының жүрегінен орын, мінезінен қайсарлық табады деп сенеміз. Отан алдындағы борышты өтеу, бұл – әр азаматтың абыроймен атқаратын міндеті. Халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деген өшпес өсиет қалдырды. Бұл өсиет әр сарбаздың көкейге түйетін қағидасына айналуы тиіс. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы, көк аспанымыздың жарқырауы да – сіздерге байланысты. Сіздер әскери міндетті адал орындау арқылы кейінгіге үлгі боласыздар. Әскери борышты өтеу –сіздер үшін үлкен сын. Сол сыннан сынбай, ел қауіпсіздігі үшін қызмет етіп, абыроймен оралатындарыңызға сенім мол, – деді.
Одан кейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, полковник Р.Шәріпбаев әскерге аттанғалы тұрған жастарға сәттілік тілеп, өз тілегін білдірді.
– Қазақстан Республикасы Конституциясындағы маңызды міндеттердің бірі – Отан алдындағы борышты өтеу. Қазіргі таңда әскери бөлімшелер Отанға адал қызмет етемін, өз еркімен әскерге барамын деген жастардың қатары артса деймін. Жаңа киімдермен, жаңа әскери техникалармен қамтамасыз етілді. Жылы казармалар, спортпен шұғылдануға, демалыс күндерін тиімді өткізуге мүмкіндіктер қарастырылған. Әскери борышын өтеп келген соң, офицерлік жолды таңдап, ішкі істер органдарына, басқа да салаларға қызметке орналасып жатқандар бар – деді.
Қазақ «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» деген жақсы сөз бар. Бір әулеттің ғана емес, халықтың ұлы болу – кез келген ер азаматтың арманы. Әсілінде, Отан алдындағы борышын өтеп, әскер қатарына қосылу – нағыз азаматтықтың белгісі. Қайсарлықтың көрінісі емес пе? Мұны жүрегі қазақ деп соққан әрбір жастың түсінері анық. Сондай жас буындар бүгінде күзгі әскерге шақыру науқанына аянбай атсалысты. «Борышымды өтеймін» деген жас өрендер әскерге аттанбақ ниетте. Солардың бірі – Бала би ауылының тумасы Бексұлтан Жұбатқанов.
– Алға қойған арманым көп. Соның бірі – өз еркіммен Отан алдындағы борышымды адал өтеп, үлесімді қосу. Еліміздегі кез келген азаматтың Отан алдындағы борышын өтеу – қасиетті парызы саналады. Әскер – бізді шынықтырады, шыңдайды емес пе? Көп арманымның бірі орындалғалы жатқанына қуаныштымын, – дейді болмақ сарбаз.
Әскерге аттанғалы тұрған жастарға аудандық ардагер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил ағамыз ақ батасын беріп, тілегін айтты. Ата-аналар да өз тараптарынан ыстық-ықыластарын білдіріп, балаларына Отан алдындағы борышын амандықпен, абыроймен өткеруді тіледі. Ұйымдастырушылар болашақ сарбаздарға ақ жол тілеп, сый-сияпат жасады. Шара соңы патриоттық әндерге ұласты. Десе де, «армия» дегенді естігенде ат тонын ала қашатындар да аз емес. Неге? Бірі – қала кезіп жұмыста жүр, біреуі – оқуын жалғастыруда. Ал, енді бірінің – батылдықтан гөрі қорқынышы басым. Бірі – үйінің жалғызы, енді бірі – асыраушысы. Көкірегіңді қарс айыратыны – себепсіз жүріп, сылтауратқаны. Кімге өкпелейміз? Ата-ана «балам жаман болсын» демейді. Бірақ, елімізде соңғы кездері әскери бөлімшелерде орын алып жатқан жарылыстар ата-ананың көңіліне күдік ұялатып отыр.
Ш.ШАҒДАТҰЛЫ