Елін қорғау – ердің ісі
Әскер – біздің егемен мемлекетіміздің берік қалқаны. Оны нық ұстап тұру – қасиетті борыш қана емес, сондай-ақ, зор мәртебе. «Әскери қызмет – ел Тәуелсіздігінің, Қазақстанның әр шаңырағының тыныштығы мен алаңсыздығының кепілі» деген сөз әрбір азаматқа рух сыйлайды. Қазақ әскерінде қызмет атқарып, Отан алдындағы борышын орындауда ер жігіттерге аса жауапкершілік пен үлкен міндет жүктелетіні хақ. Талай ғасыр халқының еркіндігін сыртқы жаулардан қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыз, кешегі фашизмнің отын өшірген майдангер аталарымыз аманаттаған
Отанның тәуелсіздігін қырағы күзету – ең ұлық қызмет, мәртебе.
Сан ғасырлық тарихымызда қаны қазақ деп мақтан тұтар, бүгініміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, ұрпаққа өнеге етіп көрсетер, ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен, Отаным деп аянбай тер төккен ұлы тұлғалар қазақ елінде жетерлік. Сондай-ақ, батыр Бауыржан Момышұлының ұрпағы рухсыз болмасы анық. Отан алдындағы борышын өтеуді азаматтық парызы санаған Нұрлыбек Шакизат сынды жігерлі жерлестерімізді мақтана отырып, мақаламызға арқау етеміз.
Отанның тәуелсіздігін қырағы күзету – ең ұлық қызмет, мәртебе.
Сан ғасырлық тарихымызда қаны қазақ деп мақтан тұтар, бүгініміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, ұрпаққа өнеге етіп көрсетер, ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен, Отаным деп аянбай тер төккен ұлы тұлғалар қазақ елінде жетерлік. Сондай-ақ, батыр Бауыржан Момышұлының ұрпағы рухсыз болмасы анық. Отан алдындағы борышын өтеуді азаматтық парызы санаған Нұрлыбек Шакизат сынды жігерлі жерлестерімізді мақтана отырып, мақаламызға арқау етеміз.
Көпбалалы, үлгілі отбасы Досжан Есенбай мен жары Ақтолқын Сұлтанбаеваның қос ұлы да әскерге аттануға ниет білдіріп, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Үлкен ұлы Ш.Досжанұлы 2000 жылы дүниеге келіп, №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектепте білім алады. 2015-2018 жылдары Шиелі индустриялы аграрлық колледжінен электр жабдықтаушы қызметін көрсететін электромонтер мамандығын алып шығады. 2018 жылдың көктемінде Нұрлыбек өз қалауымен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы ҚР Ұлттық ұланның 5573 әскери бөліміне жолданады. Жерін қорғау, елдің тыныштығын сақтау жолында қалтқысыз қызмет еткен жас сарбаз бөлімше командирінің және взвод командирінің марапаттарына ие болады. Ерліктің үлгісін көру үшін сонау зұлматты жылдар мен сұрапыл соғысты өткеру міндетті емес. Бейбіт күнде елдің тыныштығын күзетіп, от пен судан, жарылыстардан сақтану сәтінде де осы сарбаздардың өжеттігін байқауға болады. Ал, Ұлттық ұлан қатарында әскери борышын өтеу – кез келген азаматқа беріле бермейтін мүмкіндік. Сайдың тасындай іріктелген ер азаматтар ғана Ұлттық ұлан қатарында сап түзей алады. Сарбаздарға жүктелген басты міндет – ел тыныштығын күзету. Осы орайда, 5573 әскери бөлімінде болып, қатаң тәртіпті ұстанған Нұрлыбек Шахизатқа аға маман ефрейтор әскери атағы беріледі. Отан алдындағы борышын абыройлы атқарған ол бөлімше командирі полковник С.Шекарбековтың мадақтама грамотасымен бірге отбасына аман-есен оралды.
Ал, 2003 жылы дүниеге келген екінші ұлы Нұрахмет Есенбай 2021 жылдың көктемінде ҚР Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы, Бейнеу кенті 99116 әскери бөліміне барады. Әскери ант қабылдап, борышын өтеуге асыққан жас сарбаз бір айдың ішінде мерген атудан көзге түсіп, бөлімше командирінің марапатына ие болады. Ал, 6 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасына Шиелі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Р.Шарипаев жылы лебізін білдіріп, рухты, батыр ұлдарды дүниеге әкелгені үшін алғысын айтады.
Дәл осындай алғысқа лайық шиелілік сарбаз Оразбек Қарекеевті де айтпай кетуге болмас. 1998 жылы дүниеге келген Оразбек 2018 жылы Семей қаласындағы 54770 әскери бөлімшесінде азаматтық борышын өтеуге барады. Ер азамат алдындағы ең үлкен парыз Отанға қызмет ету, оны қорғау екенін ұққан әскер сап ішінен үлгілі атанып, ефрейтор әскери атағын иеленді. Осылайша, Оразбек отбасына абыроймен оралды.
Гүлнәр Дүйсебай