СУРЕТ СӨЙЛЕГЕН СӘТ

С у р е т – а д а м н ы ң і ш к і әлеміне терең бойлап, оны бояумен сөйлететін тілсіз әңгіме. Ол тарихты – тасқа, ұлт рухын – қағазға қашаған сырлы әлем. Бұл өнер түрі баланың жан дүниесін, эстетикалық талғамын ғана емес, ұлттық сана-сезімін тәрбиелеудің теңдессіз тетігі. Егемендік тұғырын биіктететін жас ұрпақтың жүрегіне Отанға деген сүйіспеншілікті дарыту – міне, дәл осы байқаудың басты мұраты. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев өз сөзінде «Балалар мемлекетіміздің жарқын б о л а ш а ғ ы н ы ң к е п і л і . Ө с к е ле ң ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп, балалардың жақсы білім алып, еңсесі тік, қабілетті ұрпақ болып өсуіне қолдау көрсетіп келеді. Ақмая ауылында өткен жас қыл қалам шеберлерінің сайысы осының айқын дәлелі. Ауданға қарасты 11 ауылдық о к р у г т ен ж и н а л ғ а н 1 0 - 11 ж а с аралығындағы жас суретшілер уақытпен санаспай, шабыттың шаңырағында шеберлік байқасты. Олар қылқаламды қару етіп, туған елге деген сезімін бейнелі бояумен бедерледі. Бір жарым сағаттың ішінде туған жердің келбетін, елге деген құрмет пен сүйіспеншілікті шынайы әрі көркем жеткізу – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Ал бұл балалар – болашақтың суреткерлері – оны тамаша атқарып шықты. Аудандық сайыс қорытындысы б ой ы н ш а , ә д і л қ а з ы т ө р а ғ а с ы аудандық мәдениет үйінің суретші, д е к о р а т о р ы Д ә у р ен Ш е г е б а е в пен сурет салу пәнінің мұғалімі Бақыт Қамбаровтың шешімімен бас жүлдені «Арман» кенттік мәдениет үйінің үйірме оқушысы Александр Ким, І орынды ақмаялық Нұртас Жолдасұлы, жүлделі ІІ орынды Жақаев ауылынан келген Ерасыл Абжаппарұлы қанжығалады. Ал жүлделі ІІІ орынды Жөлек ауылынан келген Сәуле Абдукаримова мен Алмалы ауылының жас таланты Ұлзере Зинабдинова лайық деп танылды. Қатысушы барлық өнерпазға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама алдағы уақытта да жалғасып, балалар өнерінің өрісін кеңейте бермек. Себебі сурет – тек бейне емес, ұлттың жүрек үні. Ал сол үнді болашаққа жеткізетін – осындай рухани шаралар.
М.ҚАЙРАТҰЛЫ