Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар қуанған күн

Балалар қуанған күн


1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн – өміріміздің мәні мен сәніне, базары мен ажарына айналған балаларымыздың мерекесі. Көптеген іс-шаралар мен мәдени кештерді өз деңгейінде атап өтіп жүрген кенттегі «Арман» мәдениет үйі де осынау мерекені тойлаудан тысқары қалмады.
Салтанатты шараның басы суреттің сырына бойлаған балалардың асфальтқа сурет салуымен бастау алды. Мұнан соң көптің назарын өздеріне аударған ертегі кейіпкерлері ортада флешмоб билеп, бүлдіршіндер мен кент тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік жиынды өзінің жылы лебізімен ашқан кент әкімі Ғ.Аманжолов балаларды құттықтап, оларға қамқорлық аясында жасалып жатқан кенттегі бірқатар көңіл көншітерлік істерді атап өтті. Мұнан әрі шараның әрін келтірген «Біз бақытты баламыз» тақырыбындағы концерттік бағдарлама барысында шырқалған әсем әндер құлақ құрышын қандырса, мың бұрала биленген билер көпшіліктің жүрегіне жол тартты.
Салтанатты шараның соңында сурет байқауы мен дойбыдан жақсы ойын көрсеткен балалар марапатталды. Кештің сәнін келтірген тұс – балаларға балмұздақтар мен тәтті сусындардың таратылуы болды. Сөйтіп, бұл «күннің иелері» көтеріңкі көңіл-күймен үйді-үйге тарқасты.
Әбіл АСАН.
05 маусым 2018 ж. 2 084 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031