ҚҰЛАҚТАН ҮНІҢ КЕТПЕСТЕЙ, СЫҢҒЫРЛА, КҮМІС ҚОҢЫРАУ!

Осындай естелікке толы ерекше күні біз де аудан орталғындағы №45 «Ақ орда» мектеп-гимназиясынан табылдық. Арман мен мақсат жетелеген жас түлек, үкілеген үмітінің мектеп бітіргеніне қуанған ата-ана, бір жылды артқа қалдырған бүлдіршін, қимастық сезімі басым ұстаз бен алтын ұя мектебін алыстан сағынып келген түлектер бұл кештің сәні болды. Салтанаты шарада мектеп директоры Мария Елшібекова оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге сәтті сапар тіледі.
– Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың он бір жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз.Құрметті түлектер, бүгін сіздер орта мектепті тәмәмдап, арман жетегінде сан тарапқа тарап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар. Б і з с і з д е р д і б ү г і н г і жастардың бойында болу керек құндылықтарға тәрбиелей отырып, отаншыл, қазақстандық патриоттық сезімі қалыптасқан, білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың р у х а н и - а д а м г е р ш і л і к құндылықтарын бойына сіңірген, үштілді еркін меңгерген, бүгінгі жылдам өзгеріп жатқан заманда инновациялық өзгерістерге дайын тұлға болуға бейімдедік. Биыл мектебімізді 60 түлек бітіріп отыр. Түлектеріміз түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Сөйтіп, олар ауданның білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты, – деді М.Қиясқызы. Жыл бойы түрлі жетістіктерге жетіп білім ордасының абыройын асқақтатқан оқушыларды мектеп басшысы марапаттап, алғыс хаттарын табыстады. 11-сынып оқушылары «Ыстық ұям» атты ән шырқап, мектеп табалдырығымен қимастықпен қоштасты. Дәл осындай шара №47 мектеп-лицейінде жалғасты. Шарада оқу ордасының басшысы Жандос Сейдахметов сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар түлектер ұстаздарына жүрекжарды өлеңдерін, әсем әндерін жолдап, 10-сынып оқушыларына аманат туын табыстады. Салтанатты жиында мектеп бітіруші 55 оқушы тілек шарын ұшырды. Олардың сегізі «алтын белгіге», алтауы «үздік аттестатқа» үміткерлер қатарында. Айта кетейік, биылғы оқу жылында аудан бойынша 38 мектептен 1126 оқушы 11-сыныпты тәмамдап, үлкен өмірге қадам басса, оның 950-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет танытып, сондай-ақ 81 оқушы «Алтын белгіге», 101 оқушы «Үздік аттестатқа» бітіргелі отыр. Оқу жылының қорытындысы бойынша Шиелі ауданы жоғары жетістіктерге жетіп, әр жылды абыроймен аяқтап келеді. Соңғы қоңыраудың салта - наты келесі сыныпқа көшкен оқушылар үшін жазғы демалысқа ұласса, түлектерге сынақ тапсыру, жоғарғы оқу орнына түсумен жалғасатын болады. Біз өз кезегімізде мектеп бітіруші түлектерге алдағы сынақтан тек жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, сын сағатында ұстаздар үмітін ақтауына тілектестігімізді білдіреміз. Ендеше, жолың болсын, жас түлек!
Айнұр ИБРАШЕВА