Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы күні – жаңа өмірдің бастауына себепкер болды

Отбасы күні – жаңа өмірдің бастауына себепкер болды

Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық оралығы» КММ-нің әлеуметтік жобасы аясында «Қазалы Жомарт» қоғамық бірлестігінің ұйымдастыруымен «15 мамыр – Халықаралық отбасы» күніне орай, жаңа босанған жас аналарға перзентханаға барып аудан әкімінің құттықтауын жеткізді. Құттықтау шарасында аудан әкімінің орынбасары Б. Ысмағұлов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Н. Палымбетова, аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу-ісі жөніндері орынбасары Б. Мұсағалиева, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы К. Есенбаев бастаған құттықтау тобы жас аналарғадүниеге әкелген сәбилердің деніне саулық, отбастарына амандық, «Әрбір сәби бақытты болуға лайықты» екендігін түсіндіріп, еліміздің ертеңі үшін қызмет жасайтын азамат, азаматша болуларына тілектестігін білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады. Аталған мереке күні 2 қыз, 3 ұл дүниеге келіп, отбасытарына қуаныш сыйлады. Бұл игі іс – мемлекетіміздің басты құндылығы саналатын отбасы институтын қолдау және сәбилердің дүниеге келуін қуанышпен қарсы алудың жарқын үлгісі.

19 мамыр 2025 ж. 31 0