
Жақында «Руханият орталығында» мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары – эпик ақын Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына, сыршыл лирик Тұманбай Молдағалиевтің және дара талант Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған «Өлең – сөздің патшасы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Тағылымды шараны аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Құттықыз Артыққызы ашып берді. Рухты көтерер фанфардан соң, қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Гүлшат Р ы с қ а л и қ ы з ы к ө р е р м е н д і құттықтап, кештің мазмұнымен таныстырды. Кешті өткізудегі мақсат – мемлекеттік қызметшілердің рухани жан дүниесін байыту, кітап оқу мәдениетін насихаттау, шығармашылық әлеуетін дамыту және әдебиет арқылы олардың жаңа қырларын таныту болды. Бұл бастама Мемлекет басшысының оқу мәдениетін ілгерілету туралы тапсырмасы негізінде бекітілген Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылып отыр. Поэзия кешіне арнайы қонақ ретінде «Amanat» партиясының Шиелі ауданы бойынша атқарушы х а т ш ы с ы Ж . Б а й м ұ р а т о в а , қоғамдық даму бөлімінің басшысы К.Есенбаев, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы И.Байкенжеев, білім саласының ардагері А.Әбдіхамитқызы қатысты. Сондай-ақ «Рухқа тағзым» бөлімінде қазақ тілі пәнінің мұғалімдері ақындарға арнау жырларын оқып, кештің рухани мазмұнын тереңдете түсті. Қорытынды бөлімде зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен танымал мемлекеттік қызметшілер ақындардың ел руханиятындағы орнына тоқталып, жүрекжарды пікірлерімен бөлісті. Шара соңында Қадыр Мырза Әлінің «Атамекен» әні орындалып, барлық қатысушы мен көрермен әннің қайырмасына бірігіп қосылып, әсерлі сәтпен мәреленді. Көрермендер де ерекше әсер алып, тамаша көңілкүймен тарқасты. Қысқасы, «Өлең – сөздің патшасы» кеші өнер мен руханиятты дәріптейтін маңызды мәдени алаңға айналды.
Айнұр МАҚСҰТҚЫЗЫ