Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛҚЫМ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ

ХАЛҚЫМ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ

Жуырда жазушы Қалқаман Әбдіқадыровтың 120 жылдығына орай Н.Бекежанов атындағы кітапханада «Қарымды қаламгер, дархан дарын» атты танымдық кеш өтті.
Рухани-тағылымды шараны Н.Бекежанов ауылдық мәдениет үйі мен Нартай ауылдық кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастырған. Әдеби кешті кітапханашы Гүлайша Байдазымова жүргізді. Сондай-ақ оған әдебиет әлемінде өзіндік орны бар әдіскер Айшахан Молжігіт, Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейінің қор сақтаушысы Нұрдәулет Нақыпов және өзге де тұлғалар қатысып, жазушы құнды естеліктермен бөлісті. Қоса кеткен жөн, кештің арнайы қонағы болған №241 Қ.Әбдіқадыров атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Бағдат Әбдіжалилов бірқатар деректерді айтып, жазушы ұстап, тұтынған жәдігерлермен таныстырды.
Кеңес заманындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халқымыздың руханиятын жаңа сапалы биікке көтеруге мол үлес қосып, артына елеулі қазына қалдырған қаламгер Қалмақан Әбдіқадыров әдебиетке өмірінің қырық жылдай уақытын арнаған. Оның шығармашылық тағдыры ұлттық мәдениетіміздің кеңес дәуіріндегі алдыңғы буын өкілдерінің тағдырымен, өмір жолымен ұқсас.
Шараға қатысқан ғылыми қызметкер Жанат Утеева «Ақындығы бір бөлек, қарымды қаламгер» атты лекциясын оқыса, кітапханашы Сәрсенкүл Сейтжанова автордың «Қажымұқан» кітабы мен кітап көрмесін таныстырды. Кеш соңында Н.Бекежанов ауылдық мәдениет үйінің директоры Рахымжан Смайлов сөз сөйлеп, кеш қонақтарын алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат табыс етті.

«Өскен өңір» ақпарат
16 қаңтар 2023 ж. 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031