ҰЛТТЫҢ ҰЛАҒАТЫ – АНА ТӘРБИЕСІНДЕ

Жуырда Бәйтерек ауылыныдағы «Нұртілек» балабақшасында өткен «Шебер ана – сұлу қыз» байқауы – осы мақсаттың жарқын көрінісі болды. Аналар мен қыз балалар арасындағы рухани байланысты нығайту, олардың өнерін шыңдау, шығармашылығын дамыту, ұлттық тәрбие негіздерін насихаттауды мақсат еткен шараны балабақша меңгерушісі Р.Тоқаева ашып: – Ұлттың ұлағаты – ананың тәрбиесінде, ал сол тәрбиенің жалғасы – қыздың инабатында. Осындай шаралар аналар мен қыздарды жақындастырып қана қоймай, олардың жүрегіне мейірім мен жылулық ұялатары сөзсіз, – деді. « Б о т а қ а н » т о б ы н ы ң т ә р б и е ш і с і Б.Қалдыбекова ұйымдастырған сайысқа 4 ана мен 4 қыз бала қатысты. Байқау бірнеше бөлімнен тұрды. Алғашқы кезең – «Таныстыру», онда әр жұп өзін ерекше стильде таныстырып, жұртшылыққа жылы әсер қалдырды. Аналар мен қыздар отбасы құндылықтары мен өзара қарымқатынасы туралы әсерлі әңгімелер айтып, сахна төрінде жарқырай түсті. Келесі «Өнер сайысында» қатысушылар ән салып, би билеп, жыр оқып, өз қабілеттерін паш етті. Әр ана мен қызының бойынан дарындылықтың, шығармашылықтың, өнерге деген құштарлықтың жоғары деңгейін байқауға болды. «Қолөнер» кезеңінде аналар мен қыздар бірлесіп түрлі көйлектер әзірлеп, сән үлгісін көрсетті. Бұл кезеңде олардың бір-бірін қаншалықты жақсы түсінетіні, өзара үйлесімі ерекше көрініс тапты. Сайыстың соңғы кезеңі – «Дәстүрлі тағам әзірлеу», онда аналар мен қыздар дәмі тіл үйірер ұлттық астың сан түрімен көрермендерді таңғалдырды. Әрбір ана мен қыз өз ерекшелігімен көзге түсіп, қазылар алқасы олардың дарыны мен еңбегін жоғары бағалады. Бас жүлдені Қаламқас Күзейбай мен анасы жеңіп алса, Айжұлдыз Төрехан, Ақмарал Бақберген, Айнұр Рахымжан аналарымен бірге жүлделі орындарды иеленді. Ұлттың ұлағаты – ананың тәрбиесінде, ал сол тәрбиенің жалғасы – қыздың инабатында. Осындай шаралар аналар мен қыздарды жақындастырып қана қоймай, олардың жүрегіне мейірім мен жылулық ұялатары сөзсіз.
Б.ҚАЛДЫБЕКОВА,
балабақша тәрбиешісі