Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрпақ тәрбиесінде Ұлы Абайдың орны бөлек

Ұрпақ тәрбиесінде Ұлы Абайдың орны бөлек

«Бала – өмірдің гүлі». Болашағымыздың кепілі. Бала тәрбиесінің қай елде болсын маңызы зор. Өмірдің базарын бала деп білген халқымыз «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей» демей ме?
Ежелден дана халқымыз «Бала – бауыр етім» деп, өскелең ұрпақтың көңілі рухты және пәк, таза болғанын армандайтын. Атаның қолымен, ананың сүтімен бойға біткен қасиетті дамытатын орта болады. Ол ең біріншіден, отбасы, екінші – балабақша, үшінші – мектеп негізінде жалпы қоғам. Бала тәрбиесін ізгілендіруге ықпал жасайтын ортаны құру – біздің парызымыз. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, кайырымдылық, яғни адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімді етіп тәрбиелеуде отбасы мен балабақша тәрбиешілері шешуші рөл атқарады.
Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры. Ұлттың болашағы – оның білімді, талантты, адамгершілік, асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Қазақ әдебиетіне өлмес, өшпес мұра қалдырған Абай Құнанбайұлының биыл 175 жылдық мерейтойы. Оның шығармашылығын насихаттауды Президент Қ.Тоқаевтың өзі бастаған болатын. Абай өлеңдерін оқып, «челлендж» жасау балабақшаға да жетті. Замана көшінен қалыс қалмай «Аймира» балабақшасының бүлдіршіндері де ұлы ақынның өлеңдерін жатқа айтуда. Біз тәрбиешілер Абайды таныту арқылы бүлдіршіндерге әлемді тануға осылай жол ашуды жөн көрдік. Хакімнің өзі отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-ана тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескере отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Оның 10-шы қара сөзінде «Әдемі баланы өзің алдайсың: әкел, оны берем, міне, мұны берем деп, басында балаңды алдағанға мәз боласың?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды. Тәрбие білім өзегі болғандықтан, тәрбиеші мен отбасы байланысы тығыз болуы керек. Баланы дамыту, өй-өрісін жетілдіру үшін тәрбиеші де, ата-ана да баланың жан дүниесін білуі керек, оны жеке тұлға ретінде тануы қажет деп білеміз. Отбасындағы берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десеңіз, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын бірге тәрбиелейік. Бала отбасының бақыты екенін ұмытпайықшы.

Әсел Абдраманова

25 ақпан 2020 ж. 1 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930