Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘКЕ БЕДЕЛІН КӨТЕРУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК

ӘКЕ БЕДЕЛІН КӨТЕРУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК

 Облыстағы Аналар кеңесі биыл «Әке өмір тірегі», «Әке болу оңай ма?» сынды жобаларды жүзеге асырмақ. Осылайша, әкенің қоғамдағы беделін арттырып, әке мен бала арасындағы байланысты нығайтып, әке өнегесін насихаттауды көздеп отыр.

Сондай-ақ, Аналар кеңесі отбасылық демографиялық саясатын дамытуға, әйел бейнесін қалыптастыру, отбасы мен некенің құндылығын насихаттауға да ерекше көңіл бөлуде. Осы ретте өткен жылы «Ақ орамал» жобасын жүзеге асырған. Яғни қыз баланың отбасындағы тәрбиесі, олардың өмірге бейімделуі, еңбекқор, білімді де әдепті, саналы да сезімтал, өресі биік ұрпақ тәрбиелеу жолындағы аналардың рөлі, тәрбиенің маңыздылығын дәріптеу.

-Біздің басты міндетіміз, ол отбасылық құндылықтарды сақтау, келешек ұрпақтың тәрбиесіне баса назар аудару. Жас отбасылардың ажырасуын жол бермеу мақсатында әлі де біраз жұмыстар жүргіземіз, - деді облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова.
09 ақпан 2021 ж. 381 0