Балабақшадан бастау алған ұлттық тәрбие
Еліміздің ертеңгі болашағы балаларға ұлттық тәрбие беру – басты міндетіміз. Демек, ұлттық тәлім-тәрбиенің басты мақсаты – адамгершілік, бауырмалдық, қайырымдылық, туысқандық, әдептілік, әдемілік болып табылады. Балабақша – бала тұлғасын қалыптастырып, білім нәрінің бастау алатын алғашқы білім ошағы. Балаларды балабақшадан бастап ақылдылыққа, алғыр ойға, тілдік шешендікке, ісмерлікке баулу – ұлттық тәрбиенің басты мақсаты.
Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің ұлттық тәрбиесін «Біртұтас тәрбие» білім бағдарламасына ендіре отырып, әр білім үрдісіне салт-дәстүр, әдет-ғұрып нақыштарын тәрбие мен білімнің бастауы ретінде оқыту жағын негіздеу өте орынды. Балабақша қоры ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі шарт. Яғни, ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық ертегілер, ұлттық ойыншықтармен, тіпті ұлт тіліндегі тәрбиелік маңызы зор мультфильмдердің көрсетілуі талап етіледі. Міне, бұл үрдіске «Балапан» балабақшасы үнемі сақадай сай.

Біздің де балалар мекемесіндегі қызметкерлер жоғарыда аталып өткен ұлттық үрдістерді оқу іс-әрекет барысында, серуен уақытында, ойын іс-әрекеттерінде үнемі пайдаланып, баланы ұлтжанды етіп тәрбиелеуге, өз үлестерін қосып келе жатқан бірден-бір балабақша. Сөзіміздің дәлелі ретінде «Балауса» тобында ұйымдастырылған «Әжелер мектебі» драматизациялық көріністі айтуға болады. Әженің ақылы, өнегесі менқатар қолөнерге баулып, ұршық үйірудің тәсілдері де көрсетілді. Бүлдіршіндер ұлттық құндылықтарға сусындады.
Ұлттық тәрбиенің негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Сондықтан баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақша өзара тығыз байланыста болуы тиіс. «Балапан» балабақшасында да бұл іс-әрекет дәстүрге айналған. Ата-аналар бала тәрбиесіне бағытталған іс- шараларға белсенді түрде зор қызығушылықпен қатысады. Сондай іс-шаралардың бірі «Отбасымен бірге» атты ұлттық ойындардан эстафета жүргізіледі. Рухани адамгершілік тәрбиені бала бойына сіңіруде күнделікті оқу іс-әрекеттерінде, іс-шараларда ғажайып сәттерде ұлттық кейіпкерлер Ару ана, Қыдыр ата, Қожанасыр, Тазша бала, Алдар көсе, Қаңбақ шалдың рөлдерін сомдау болып табылады.
Балабақша тәрбиесінде баланың ынтасын өсіру, ой-өрісін дамытуда халықтық педагогика элементтерін көбірек пайдаланып, жаңартып отырса, бала тәрбиесі өз жемісін берері анық. Сондықтан халқымыздың рухани құндылықтарын, салт-дәстүрлерімізді, тілімізді, дінімізді, мәдениетімізді жас буынға дәріптеу, оны ұрпақтан-ұрпаққа айтып жеткізіп отыру біздің басты міндетіміз.
Гаухар Байжанова