БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Осы бағытта ата-ананың колледжбен тығыз байланысын арттыру, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ұлттық, адами құндылықтарға негізделген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылдың 30 шілдедегі №194 бұйрығымен әзірленген «Біртұтас тәрбие үштағаны – «Әділетті Қазақстан. Адал азамат. Озық ойлы ұлт» принципіндегі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ата-аналар арасында жылдық жұмыс жоспары таныстырылып, бағдарламаның мақсат-міндеттері, оқу-тәрбие процесіндегі 6 ұлттық құндылықтарға тоқталып, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын түсіндірді.
Тал бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы - ата-ана мен оқу орны, қоғамдық орта. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру - біздің негізгі мақсатымыз.