Армысың, әз Наурыз
Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтар, әдет-ғұрып пен салт-дәстүріміздің көркем көріністері мектеп табалдырығынан бастау алатыны анық. Білім ордасы мен ұстаз берген өнегенің арқасында келешек өскін тәрбиенің қайнар көзін бойына сіңіреді.
Осындай қасиеттердің үлгісі 16 наурыз күні аудандағы №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінде дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай 4-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен «Армысың, әз-Наурыз!» атты ашық тәрбие сағатында көрініс тапты. Аталған жиын Наурыздың жыл басы әрі ұлт мейрамы екенін насихаттап, бұл күннің тарихи маңызын түсіндіру мақсатында жүргізілді.

Шара барысында сынып оқушылары төл мерекенің құрметіне би билеп, ән шырқап, қазақтың жаңа жылына қатысты көріністерді де қойды. Ата-аналармен қазақ халқының ұлттық ойындары мен мақал-мәтелдеріне байланысты ойындар жүргізілді. Сондай-ақ әр оқушы Ұлыстың ұлы күні турасындағы ойларымен бөлісіп, белсенділіктерін танытып, келген қонақтарды өнерлерімен тамсандырды. Барлығына жақсы көңіл күй сыйлай алған тәрбие сағатының соңы мерекелік құттықтаулар мен ұстазға арналған ізгі тілектермен аяқталды.
Айта кету керек, аталған шараны ұйымдастыруда оқушыларға тәрбие мен білімді қатар беріп, ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу мақсатында елеулі еңбек етіп келе жатқан сыныптың жетекшісі Ләззат Алмасбайқызының үлесі зор. Себебі қай ұлттың болмасын баянды болашағы ұрпақ тәрбиесімен тікелей байланысты екені сөзсіз.
Таслима ӘЛІШЕР