Армысың, әз-Наурыз!
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейді, жаңарады. Наурыз – жыл басы. Парсы тілінде «Нау» – «Жаңа», «Руз» – «Күн» деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне күнібұрын дайындалады. Дәстүріміз бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, қымыранмен, қымызбен, сүтпен толтырылады. Бұл – тоқшылықтың белгісі болып саналады. Сондай-ақ, сүрленген жылқы, сиыр, қой еттері арнайы кебежелерде сақталып, мереке күні қазанға түседі. Қазан-қазан наурыз көжелер әзірленіп, бұқара халық той-думанға бөленеді. Дәл осы уақытта адамзаттың бойында қан жүгіріп, жеміс ағаштары бүршік жарады. Қырда қызғалдақ құлпырып, далада наурызек гүлдер кілемше төселеді.
Ұлан-байтақ Қазақстан жерінде жеті түрлі дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың ұлы күнін тойлайды. Наурыз – бүкіл Шығыс халқының ортақ мейрамы. Мерекеде араздасқандар татуласып, дүйім халық, ел болып ауызбіршілікті сақтайды. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігін құдай ұзағынан сүйіндірсін дейміз. Жүректер жылуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз мейрамы – көпұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын достық мерекесі. Бұл айда қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезіп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет, махаббат пен мархабат, сағыныш пен қуаныш, бақыт бен байлық сыйлайды. Бабаларымыз айтпақшы, Самарқанның көк тасы еріп, қасиетті қара жер, қара топырағымыз бусанады. Жердің тоңы ериді. Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекесіне жатады. Жалпы, Наурыз Ислам дәуіріне дейін тойланып, халық арасында ерекше қолдауға ие болған. Бұл ешқандай діни мереке емес.
Ол – бүкілхалықтық, қазақтың ұлттық мейрамы. Мереке қызған шақта жастар, қыз-жігіттер алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнап, ауылдық жерлерде «Бәйге», «Көкпар», «Салым», «Қыз қуу», «Жамбы ату» ойындарын ұйымдастырып, халықтың көңіл-қошын көтеріп, қуанышты жағдайда өтеді. Наурыз мейрамы Қазақстанда ресми түрде 1988 жылдан бері тойланып келеді.
Биыл Шиелі жұртының, жастары мен ақсақалдарының да көңілдері көтеріңкі. Наурыз мейрамы бізді елімізді, жерімізді сүйе білуге, отансүйгіштік сезімімізді жаңғырта түсуге жетелейді. Ұлыстың ұлы күні баршаңызға Алланың нұры жаусын!
Өркен ИСМАИЛ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі.