Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 14-22 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ КҮНДЕР АТАУЫ МЕН МАҒЫНАСЫ

14-22 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДАҒЫ КҮНДЕР АТАУЫ МЕН МАҒЫНАСЫ



Жыл бастауы – Наурыз! Күллі түркі халықтарының арасында бұл мереке – көктемнің келіп, жаңа жылдың басталғанын білдіреді. 

Наурыз айы басталысымен әр күнге атау беріліп, оның мән-маңызы жастарға түсіндірілген. 

«Қауышу күні» - Еліміздің батыс өңірлерінде бұл күні «көрісу» амалы жасалады. Шығыста «амал көже», «тілеу көже» ұғымдары бар. Наурыз мейрамы туралы көне жазбаларда да бұл күні адамдардың бір-біріне сәлем бере барғаны айтылады (14 наурыз). 

«Тағзым күні» - Бұл күні, ата-бабалар рухына Құран бағыштап, жеті шелпек пісіру, Наурыз мейрамының қарсаңында жасалатын игі істердің қатарына кіреді (15 наурыз). 

«Алас күні» - «Алас» ұғымының астарында тазалану, тазару деген мағына бар. Ұлыстың ұлы күні келер шақта тазалану табиғатқа да тән (16 наурыз). 

«Шаттық күні» - Бұл күні қазақ тіпті қайын аға мен келінді де күрестіріп, кемпірлерді жарыстырған. Ойын-сауық құрған (17 наурыз). 

«Өніс күні» - Ата-бабаларымыз бұл мейрам кезінде жарлы-жақыбайға қайырымдылық жасауды да ұмытпаған. Бұл халқымыздың жомарттығының көрінісі саналатын дәстүр (18 наурыз). 

«Береке күні» - Наурыз табиғаттың жаңғыруы ғана емес, өсіп-өнудің басы саналады. Сол себепті Ұлыстың ұлы күнінде туған төлді «Наурызтөл», жауған қарды «Наурызша», гүлді «Наурызшешек» деп атаған (19 наурыз). 

«Жайнау күні» - Ұлыстың ұлы күнінде ата-бабаларымыз жаңа киімдерін киіп, мүмкіндігінше үй ішін жаңалап, жайнатып қоюға тырысқан (20 наурыз). 

«Үйлесім күні» - Бұл күн мен түннің теңеліп, әдемі үйлесімділікке келген тұсы (21 наурыз). 

«Ұлыс күні» - мерекелердің төресі саналған қазақта. Бұл күні бата жасалып, үлкен той-думан ұйымдастырылған. Ұлыс күні тарихы мыңдаған жылдарға кететін ұлттық мейрам (22 наурыз). 
http://reactor.inform.kz

 
18 наурыз 2019 ж. 3 382 0