Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні

Жақында Қ.Берімбет басқарып отырған Шиелі аудандық жалпы білім беретін кешкі мектебінде «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатын мектептің жас маманы, сынып жетекшісі Салтанат Мангулова «Қазақы дастарханым» әнімен бас­тап ашты. Наурыз мейрамы аясында міндетті түрде атқарылатын түрлі салт-дәстүрлер бар. Солардың бірегейі «Тұсау кесер» рәсімін жасап, кішкентай Аринаға мектеп директоры мен көмекші имам «Жолы ашық, түзу болсын» деп баталарын берді. Іс-шарада көпбалалы отбасыларға, мектеп оқушыларына арнап наурыз көже ұйымдастырылды.Аудандық орталық «Оқшы Ата» мешітінің көмекші имамы Нұрбек Молдияров шақырылып, оқушыларға рухани азық боларлық әңгіме айтып, ас қайырып, бата беріп, құран бағыштады.
Мектеп директоры Қ.Берімбет ұстаздар мен оқушыларды, қонақтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, компьютер арқылы арақашықтықпен жұмыс жасап жүлделі орын алған оқушыларды марапаттады. Оқушылармен бірігіп жұмыс жасаған мұғалімдер: Р.Айтуғанова, Ғ.Байназар, Р.Нұрдинова, Д.Ыбыраш, А.Қайранбековалар марапатталды.
Наурыз мейрамында барлығы жылы шырайды сезініп, сағынышты көрісулермен, жаңа жылды қарсы алды. Жер иесі – Қыдыр ата елді, үйді аралап, бақыт сыйлайды, бата береді деген сенім-наным әрқайсымыздың жүрегімізде ұялаған. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ағайын!

Әлия БОЛАТОВА,
кешкі мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
27 наурыз 2019 ж. 1 615 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930