
Еңбекші елді мекенінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған ерекше салтанат өтті. Көктемнің нәзік лебіндей болған бұл шараның шырайлы сәтін Еңбекші ауылдық округінің әкімі Е.Жусупов пен ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұ.Бәтішева ашып, ауылдың асыл аналарын, қыз-келіншектерін осы бір ерекше күнмен шын жүректен құттықтады. Мерекенің мән-маңызы мен қызықты сәттері көп болды. Ауыл әкімі Е.Жусупов түрлі салада ерен еңбегімен танылған әйелдерді алғыс хаттармен марапаттап, олардың қоғамға қосқан баға жетпес үлесін атап өтті. Бұл күннің тағы бір ерекше сәті – ауылдың Батыр аналарына, «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлеріне арналған сый-сияпаттар болды. Ғ.Байдеу есімді ауыл тұрғыны өз демеушілігімен осы аналарға құттықтаулар мен сыйлықтарын табыстап, олардың батасын алды. Ал Ф.Әлтаев 1952 жылы дүниеге келген аналарын өз атынан сый-құрметке бөлеп, оларды ерекше ықыласпен қуантты. Кештің соңы мәдениет қызметкерлерінің ө н е р л і қ о й ы л ы м д а р ы н а ұ л а с ы п , көрермендерді көтеріңкі көңіл-күймен сусындатты. Ән мен би, жыр мен күмбір күйдің үйлесімінен жүректерге жылулық ұялап, бұл мереке ауыл тұрғындары үшін нағыз рухани азыққа айналды.
«Өскен өңір» ақпарат