Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АНАЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

АНАЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

«Адамдар – әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды» дейді ­жазушы Максим Горький. Түн ұйқысын төрт бөліп, тал бесікте балаларын әлдилеп өсірген аналарға қандай құрмет көрсетіп, «алтынмен аптап, күміспен қаптап» қойсақта бұл құрметтің өзі аздық етеді. Адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз де бас иеміз.
Халықаралық әйелдер мерекесі Еңбекші ауылында ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетуден басталды. Қыз құлпырып, аналар жадырап, әжелердің жүзіне күлкі үйірілген шара «Бар әлем – Ана деп ән салған» деп аталады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сезім мен сыйластыққа толы кешке Еңбекші ауылдық ардагерлер кеңесінің ардагері М.Бекқожаев, Шиелі ауданының «Құрметті» азаматы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Найла Палымбет, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Бағдат Серікбайұлы, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлман Бәтішова, ауылдағы ақ жаулықты аналар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Елге еңбегі сіңген, батыр ұлдарымен ғана емес, қайсар қыздарымен де мақтана алатын ауылдағы аналар мерекесінде сөз алған кәсіпкер Ғафур Байдеу қыз-келіншектердің қоғамдағы орнына тоқталды.
– Аналарды құрметтеу ер азаматтарының басты парызы. Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербейді, деген қанатты сөз бар. Әр жыл сайын бір келетін аналар мерекесін ұйымдастырып, сол мерекеге демеуші болу мен үшін үлкен абырой. Алтын аналарымыздың, жеңгелеріміздің, қара көз қарындастарымыздың мерекесінде басын қосып, көңілдеріне қуаныш сыйлап, құрметке бөлеу біз үшін үлкен мақтаныш. Көктемнің алғашқы күндерімен қатар келетін мерекеге демеушілік жасап келе жатқаныма 3 жыл болды. Мұны әр жыл сайын өткізуді өз мойныма алдым, – дейді кәсіпкер.
Ақыл-зердесімен, пайым-парасатының арқасында ерлермен иық тірестіре еңбек етіп жүрген ­аяулы жандардың құрметіне арналған кездесу салтанатты шараға ұласты. Басқосу барысында 100-ден аса нәзік жанды марапат төрінен көрініп, сый-құрметке бөленді. Жыл сайын бұл шараны өткізу үшін 250000-350000 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалады екен. Осындай айтулы мерекеге мұрындық болып жүрген ауыл кәсіпкері Ғафур Байдеуге ауыл тұрғындары ризашылығын білдіруде.
Шара барысында Еңбекші ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Бекқожаұлы барша нәзік жандарға жылы лебіз тілегін білдіріп, бүгінгі шараға демеушілік жасап жатқан кәсіпкердің ісіне береке тілеп, ауыл тұрғындары атынан алғысын білдірді.
Мерекелік кеш Еңбекші ауылдық мәдениет қызметкерлерінің қатысуы­мен концерттік бағдарламаға ұласты. Жүзінен мейірім шуағы төгілген ана­лардың құрметіне ән шырқалып, ару­лардың сұлулығы жырға арқау болды.

Дархан Байтілес
13 наурыз 2023 ж. 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930