Жаңа кітап оқырманға жол тартты
Туған жерге тағзым ету, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу – қазақ халқының әлімсақтан жалғасқан салты. Сыр өңірі – тоғыз жолдың торабын түйістірген, халқына қорған болған қасиетті өлке десек, Шиелінің өзінен бітімі бөлек қаншама тұлғалар шықты. Бүгінгі таңда Алматы қаласында жүрсе де, туған жеріне аңсары ауып, кіндік қаны тамған Еңбекшіні бір сәт естен шығармаған Тұрар Тұрсынұлы ауылға жиі атбасын бұрады.
Осы ретте өткен аптаның жұма күні Еңбекші ауылдық округінің мәдениет үйінде Тұрар Тұрсынұлының жуырда ғана баспадан шыққан «Бауырларым Еңбекшіде» атты кітаптың екінші томының тұсаукесері өтті.
Осы ретте өткен аптаның жұма күні Еңбекші ауылдық округінің мәдениет үйінде Тұрар Тұрсынұлының жуырда ғана баспадан шыққан «Бауырларым Еңбекшіде» атты кітаптың екінші томының тұсаукесері өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Болат Ысмағұлов, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Бағдат Серікбайұлы, ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл тұрғындары, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов сөз алып, қонақтарды осындай маңызды оқиғаның өткізілуімен шын жүректен құттықтап, авторға жылы лебізін білдіре отырып, кітаптың мазмұны мен көркемдік деңгейінің жоғары екеніне баға берді.
Сонымен қатар Еңбекші ауылдық округінің әкімі Бағдат Серікбайұлы Тұрар Тұрсынұлына ерекше алғысын айтып, жылы лебіз білдіріп, дәстүрге сай шапан жауып, сый-құрмет көрсетіп, ауылдастары атынан ат мінгізді.
Кітаптың тұсаукесерінде қорытынды сөзді Еңбекші ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Бекходжаев алып, кітаптың бейбітшілік пен келісімді қадірлейтін әр адамға маңызды құрал екендігін атап өтті.
Шара соңында Тұрар Тұрсынұлы шараға келген барша меймандарға алғысын айтты.
Дархан Байтілес