Құтыру ауруы дегеніміз не?

Бұл дерт көз жұмуға әкеп соғатын жүйке жүйесінің тозу белгілері, қозушылық, агрессиялық ,ой қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Алғашқы құтыру ауруын Авл Корнелий Цельс сипаттаған (біздің дәуірге дейінгі 1 ғасыр), ол оны судан үрей деп атаған.
Құтыру ауруы адамдарға көбінесе, үй хайуанаттарынан- иттерден, мысықтардан сирек кездессе, сондай-ақ ет қоректі аңдардан (қасқыр, түлкі, шағал ,т.б) тарайды. 1885 жылы Луи Пастер адамды аурудан сақтайтын антирабикалық вакцина ойлап тапқан.
Аурудың қоздырғышы вирус болып табылады, ал жұқпа көзі және жұқпа қоры- жұқтырылған мал. Вирус ауру басталғанша 8-10 күннің ішінде жұқпалы сілекеймен білінеді. Вирус қаңғыма иттерде айналып, мысықтармен ауылшаруашылық малдарына таралады. Таралу механизмі- қарым –қатынас арқылы, адам әдеттегідей малды қапқан кезде, құтыру ауруымен ауыратын науқастардың сілекейімен таралады. Аэрогенді таралу жолы да ықтимал (жарғанаттар мекендейтін үңгірдерде,зертхана ішіндегі жұқтыру ,т.б) , тамақтан және трансмиссивтік-жәндіктердің шағуы арқылы. Дәрігерлерге кеш қаралу, егу тәртібінің бұзылуы, егулердің анықталмау салдарынан құтыру ауруы белең алады.
Құтырудың белгілері: хайуандарда; бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, кейде ашуланшақ болады, аузы көбіктенеді- ішіп-жей алмайды, жанына жолағанның бәрін қауып,тістеуі мүмкін, хайуан 5-7 күннің аралығында өлуі мүмкін болса, ал адамдарда; тістеген жері ауырып, ысиды, алқынып демалады,түрі жаңа ғана жылаған адам сияқты болады, адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып, алас ұрады, өлім алдында талма ұстап, дене құрысып, сал болып қалады.
Құтырудың алғашқы белгілері тістегеннен кейін 10 күннен 2 жылға дейінгі уақыт аралығында (әдетте 3-7 аптадан кейін) байқалады. Емдеуді алғашқы белгілер білінгенге дейін бастау қажет.
Аурудың асқынуы адамды өлімге алып келеді. Өлім-жетімге әкеп соқтыру ертеректегі уақыттағыдай 100 %. Осыған байланысты жануарлар тістеп алғанда бұл аурудың асқынып кету қаупінің алдын алуға бағытталған шараларға үлкен назар аударылады. Құтырманың асқынып кетпеуінің өзіндік жолы да бар, ол – уақытылы антирабикалық вакцинаны егу. Бұл жануарлар тістеген жағдайларда ауруханаға қаралу кезінде антирабикалық иммуноглобулин егіледі.
Жануар тістеп алған жағдайда міндетті түрде травматологиялық пунктке барып, антирабикалық көмек алу қажет. Антирабикалық көмек жарақат орнын өңдеуден (жарақат орнын сабынды сумен мұқият жуу, тазалау), антирабикалы вакцинаны немесе антирабикалық иммуноглобулинмен (АИГ) антирабикалық вакцинаны қатар салудан тұрады. Егер белгісіз жануар тістеп алса немесе өліп қалса 6 емдік курс жүргізіледі, ал егер тістеп алған жануардың иесі белгілі болса ветеринарға бұл жануарды тексеруту қажет. Жануарды асырауға алған адам оның денсаулығы мен күтіміне жауап беру керек.
Алдын алу шаралары : алдын алу егулер, қаңғыма және құтырма иттерді жою, үй жануарларды дұрыс ұстау ережелерін сақтау Қазақстан Республикасы және басқа елдерден үй жануарларын тасымалдануын бақылау. Ауруға сезікті немесе мінезінде өзгеріс болған кез келген хайуаннан балаларды аулақ ұстаңыз және барлық шараларды қолданыңыз. Тіпті ол ешкімді тістеп қаппағанда да оның сілекейі дененің кесілген немесе жырылған жеріне түссе құтыру ауруын туғызады.
Шиелі аудандық
санитариялық –эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысы Г.Айтекеева