Ұлт жоспары: өзін-өзі басқару
Қазақ елінің даму жолындағы басты құжаттардың бірі – Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “100 нақты қадам – Ұлт жоспары”. Жаһанның озық елдері қатарына кіру жолында жасалуы тиіс шаралардың нақты қадамдар арқылы жүзеге асуы үдерістің қарқынды жүруіне себепкер болады. Сол нақты қадамдар қатарында бірқатар мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру секілді маңызды пункт те бар. Елбасы қашан да бәсекеге қабілеттілік мәселесін алға тартып отырады. Бұл жолда алдымен бәсекелесті ортаға берілетін функциялар тізімі анықталды. Және олар бірнеше саты бойынша жүзеге асырылып келеді. Олардың орындалуына қатысты мониторинг жүргізіліп, сапасына бақылау жасалады. Қазіргі таңда бұл қадамның 2018 жылдан бастап жүзеге асырылатын сатысы өз жұмысын жасауда. Олардың қатарына: аудан мәслихаты бекіткен жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін сатылап қалыптастыру; әкімнің аудандық мәслихатқа бекіту үшін енгізген жергілікті қоғамдастық бюджетінің жобасын Жиналыстың келісуі және олардың орындалуы туралы есепті мәслихатқа ұсыну үшін қолдау; жергілікті қоғамдастықтың коммуналдық меншікті басқару мәселелері; бюджетті тұрғындары 2 мың адамнан асатын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін ғана енгізу және оны аудандық мәслихаттың бекітуі; «Жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігі» институтын енгізу; олардың әлеуетін ұлғайту мақсатында селолық округтер деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірлікті нығайту мәселесін әзірлеу сынды әрекеттер жатады. Осы шаралардың барлығын сапалы түрде орындау мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау үдерісінің халық алдында тазалығына көз жеткізуге көмектеседі.
Massaget.kz