Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛ МӘСЕЛЕСІ ӘРДАЙЫМ НАЗАРДА

АУЫЛ МӘСЕЛЕСІ ӘРДАЙЫМ НАЗАРДА

Қоғамдық кеңес - билік пен қоғам арасындағы байланыстың дәнекері. Әр саланың үздіктері қордаланған мәселенің шешілу жолына үңіліп, ұсыныстарын ортаға салады. Мәселен бір ғана ауыл шаруашылығында атқарылатын жұмыстар жетерлік. Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Ерұлан Өмірсеріков осы салаға ауыл азаматтары да мықтап ден қоюы керегін айтты.

- Қаланың мәселесі ауылға байланысты. Ауылға байланысты облыс басшысының берекелі жұмыстарының ішінде, біздің де ұсыныстар ескерілгенін көріп отырмыз. Ауылдың мәселесі бір күнде біте қалатын жұмыс емес. Негізінен мемлекет жұмысты алып барған. Әрі қарай жұмыс ауыл азаматтарында, сол ауылдың халқында, сол ауылдың инвесторына байланысты. Сонда ғана ауылдың тұрмыс-тіршілігі жақсарады. Ауыл мәселесі дегенде, оның арғы жағында халқымыздың рухани құндылығы жатыр. Қоғамдық кеңестің ең басты мақсаты - қоғамның сұранысын, талабын дәйекті түрде жергілікті атқарушы органдарға жеткізу.Ауылда атқарылатын мәселе әлі де көп. Соның шешілу жолына әрі қарай да қызмет жасай береміз деп ойлаймын,- деді Ерұлан Қарсыбекұлы.

27 ақпан 2025 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9282)

25 ақпан 2025 ж.

№14 (9281)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (9280)

18 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728