Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Электрондық құжаттардың біріңғай архиві

Электрондық құжаттардың біріңғай архиві


сурет https://ult.kz/
    


Цирлық  Қазақстан   мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру  мақсатында «Электронды құжаттардың біріңғай архиві» ақпараттық жүйесін іске  қосу келешекте құжаттарды сақтауға ғана емес, қашықтық режимде әр  пайдаланушыға архивтің қай жерде  орналасқанына қарамастан  архивті ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік  береді. Бұл барлық пайдаланушылардың архивке қамтамасыз ету үшін казіргі уақытта  Қазакстан Республикасында  жұмыс істейтін ақпараттық жүйелермен біріктірілген портал болады.
     Электрондық  құжаттар архиві- бұл іс қағаздарын жүргізу қызметі  мен құжат айналымын  автоматтандыруды  арнайы бағдарламалармен  жабдықтаушылар  ойлайтындай жай ғана дербес сервер, компьютер немесе ақпаратты дерек көздерін  сақтайтын орын емес;  бұл және пайдаланушыға  керекті электрондық ақпаратты тауып  беруге арналған  іздестіру жүйесі де ғана емес. Жалпы мақсат, міндеті  жағынан электронды құжаттар архиві (соның ішінде әсіресе мемлекеттік архив) кәдімгі дәстүрлі  архивтен ешқандай  айырмашылығы жоқ. Бұл ең әуелі құжаттардың  құндылығын сараптаудан бастап, оларды пайдалануға дейінгі архивтік сақтау ісінің бүкіл циклін қамтамасыз ететін  технологиялық процестер болып табылады. Ол құжаттардың есебін алу, сипаттау, сақталуын қамтамасыз ету және  ғылыми анықтамалық аппараттарын жетілдіру секілді  іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.
    Электрондық құжат  дегеніміз ақпараты электрондық-цифрлық  нысанда (формада) беріліп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы  куәландырылған құжат.
Жинақтау көздері болып табылатын  мемлекеттік және  мемлекеттік емес  мекемелердің «Электронды құжаттардың біріңғай архиві»  ақпараттық жүйесін іске қосу жүйесі жайлы өзекті мәселелері көтеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.  


   Айжан Есенов,
  Қызылорда облысының мемлекеттік архиві»
  КММ-нің Шиелі аудандық филиалының
  І-ші санаты архивисі  
10 қаңтар 2025 ж. 121 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930