Архив қоры – тарихтың алтын қазынасы
Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына орай барлық саламен бірге архив саласы да цифрландыру түріне көшіп жатқанын көпшілік біледі. Себебі жаһандану кезеңінде тарихи құжаттарды жаппай цифрландыру жұмысын жетілдіру қажеттілігі туындады. Бұл бағытта ауданымызда соңғы бірнеше жылдан бері архив қорларында сақтаулы құжаттарды цифрландыру бағытында жұмыс жүргізіп келеді.
Бүгінгі күнге дейін аудандық архив қорындағы 11743 құжаттың 693159 парағы цифрланды. Құжаттарды цифрландыру еліміздің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторларының бірі. Одан бөлек «Электронды архив» бағдарламасын іске қосу мақсатында жыл басынан аудандық архив бөлімі қарқынды жұмыс жүргізді. Бұл бағдарлама архив қызметкерлері мен пайдаланушыларына көптеген жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. Оның ең басты тиімділігі – жұмысты оңтайландыруы, бір тетік арқылы бірнеше есеп дайындап, қажетті құжатқа жылдам қол жеткізу мүмкіндігі. Әрине бағдарламаның мүмкіндіктерін жүз процентке пайдалану үшін құжаттарды цифрлы түрге көшіру бағытында бізге әлі көп жұмыс жасау қажет.

Ұлттық архивтің негізгі бағыттарының бірі – құжаттарды пайдалану. Архивтік құжаттарды пайдалану – ол құжаттарды көрмелер арқылы халыққа таныстыру, баспаға шығару, сұраныстарды орындау болып табылады.
Елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Осы бағытта Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен мемлекеттік органдарда электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі және мемлекеттік органдардағы электронды құжат айналым жүйесінде қалыптасқан электронды құжаттарды электронды құжаттар қоймасына көшіру жұмыстары жүргізілуде.
Түптеп айтқанда, қабылданған өзгерістер мен толықтырулар электрондық жүйе құжаттарды цифрландыруға, оған қолжетімділікті қамтамасыз етуге және электрондық архивті басқаруға мүмкіндік беріп отыр.
Бүгінде құнды құжаттарды цифрлық нысанға көшіру жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді. Осы бағытта «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Шиелі аудандық филиалында «Құжаттардың бірыңғай электронды архиві» ақпараттық жүйесіне енгізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«Өткен күн – кешегі тарих, келер күн – ертеңгі сыр, Бүгінгі күн – үлкен сый» деп Қорқыт атамыз айтқандай, болашақ ұрпаққа рухани мұра қалдыру жолында еңбектене бермекпіз.
Назира Төлешова,
аудандық архивтің қойма меңгерушісі
аудандық архивтің қойма меңгерушісі