Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Жас архивистер мен тарихшылар» клубы құрылды

Қызылордада «Жас архивистер мен тарихшылар» клубы құрылды

Қызылордада «Жас архивистер мен тарихшылар» клубы құрылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының мемлекеттік архивінде «Жас архивистер мен тарихшылар» клубы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 Аталмыш игі іс Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасы аясында қолға алып отыр.
Клубтың мақсаты - жас тарихшылардың кәсіби өсуіне ықпал ету, жастардың жаңа көзқарастарын дамыту, архив құжаттарын насихаттау арқылы туған өлкенің тарихына деген қызығушылығын қалыптастыру. Бүгінде клубтың ережесі бекітіліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары талқыланды.
«Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасы аясында шетел архивтерінен өлке тарихына қатысты құжаттарды алу жұмыстары жүргізіліп келеді. Сондықтан жастарға ұлт тарихындағы маңызды оқиғаларды насихаттауда архив саласының атқаратын ролі зор», - деді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих магистрі Бақытжан Ахметбек.

Химия және биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Нұркен Абджалиев өлке тарихын зерттеуге жас ұрпақтың қызығушылығының артып жатқандығын айтады. Жас тарихшы мамандар республикалық деңгейде ғылыми жаңалықтарды ашу бағытында бірлесіп жұмыс жасауы тиіс.
Бұдан бұрын Қызылордада 20 тарихи ескерткіш қайта жаңғыртудан өткенін хабарлаған едік
06 маусым 2019 ж. 862 0