Қазақстан – ұлы дала елі
Жуырда Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың тарих арқылы болашаққа бағдар жасап, даңғыл жол салуға үндейтін «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Коворкинг «Самғау» орталығында дөңгелек үстел өткізілді.
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары арасында «Қазақстан – ұлы дала елі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа Елбасының Қазақстан халқына жолдаған бағдарламалық құжатын, оның әр тармақтарын жүйелі және айқын іске асыру барысында негізгі ережелерін талқылау, насихаттау, түсіндіру еді. Аталмыш мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Әділбек «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде жасалған презентация арқылы бағыт-бағдар берді. Оқушылар мақаладағы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдер бойынша өз ойларын ортаға салып, түсінгендері бойынша пікірлерін білдірді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына септігін тигізетініне көз жеткізіп келеміз. Өйткені, тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып, жетістіктерге жетеді.
Н.Мұхамедиярова.