Келелі мәселелер сөз болды
11 қазан күні «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің «Шиелі аудандық архиві» филиалы, ұлттық архив қорының жинақтау дереккөзінің тізімінен өтетін аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен дербес бөлімдердің мамандарының қатысуымен «Электрондық құжаттарды, электрондық істерді мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға беру тәртібі» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Жиын «Шиелі аудандық архиві» филиал басшысы Е.Дүйсенбаев архив мекемесінің халық игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстары, қызметі және мақсаты туралы түсінік берді. Сондай-ақ архив құжаттарын цифрлық форматқа көшіріліп, электронды архив ақпараттық жүйесіне енгізу, архивке құжат тапсыруда ақылы негізде көрсетілетін қызмет бойынша айтып өтті. Жиынға аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен дербес бөлімдердің 32 жауапты мамандары, архив қызметкерлері қатысты.

Семинардың мақсаты – ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсыру тәртібіне түсіндірме жүргізу, «құжаттардың бірыңғай электронды архиві» ақпараттық жүйе бойынша құжаттарды енгізу жұмыстарын бақылау.
Аталған кеңесте «Шиелі аудандық архиві» филиалының қойма меңгерушісі Н.Төлешова «Құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесіне істер номенклатурасын енгізу тәртібі», ІІ-санатты архивист Ж.Кенебекова «Ведомстволық архивте құжаттардың сақталуын ұйымдастырудың тәртібі», ІІ-санатты архивист Ж.Ментаева «Құжаттарды қабылдау және құндылығына сараптама жүргізу тәртібі» бойынша баяндама жасады.
Шара соңында қатысушылар тарапынан тақырыпқа сай қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалып, өзара пікірлер алмасты.
«Өскен өңір» ақпарат