АРХИВ – ТҰНҒАН ТАРИХ
Елімізде 2018 жылдан бастап «Архив-2025» бағдарламасы қолға алынды. Осы жоба арқылы тарихымызды жүйелеу, соның ішінде оны өз бетінше зерделеу мүмкіндігі туды.
Ұлтымыздың өткенін зерттеп, електен өткізіуіне қажетті құнды деректердің көзі болып табылатын бір ғана мекеме бар, ол – архив. Архив – ел тарихының қазынасы.
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Шиелі аудандық филиал ведомстволық архивтердің жұмысын мекемелермен, ұйымдармен тікелей байланыста жүргізеді. Құжаттардың құндылығын сараптау архивтанудың аса жауапты саласының бірі болып саналады, біліктілік пен тиянақтылықты талап ететін, тек нормативтік құжаттар негізінде ғана емес, жан-жақты зерттеліп, зерделенетін ертеңге қалар тарихтың құнды болуын нақтылайтын жұмыс, құжаттарды өз дәрежесінде бағалау – Ұлттық архив қорын құнды құжаттармен толықтыру болып табылады.
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделгендей ұйым архивінің паспорты жыл сайын жасалып, құжаттардың нақты есебі жүріп отыруы қажет және жинақ есеп үшін жинақтау көздері құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы төлқұжат толтырылып, мемлекеттік архивке жыл соңында тапсырылады.
Шиелі аудандық архивінде аудан тарихын қамтитын мыңдаған құжаттар бар. Бүгінгі күнгі мәліметтерге сүйенсек 215 қорда, 48634 құжат сақтауда бар, оның ішінде 19741 тұрақты сақталатын құжаттар, атап айтар болсақ, жеке тектік құжаттар - 194, фото құжаттар -241 сақтау бірлігі. Ал, 28699 құжат аудандағы мекемелер мен ұжымдардың жеке құрам құжаттары екенін айта кеткен жөн.
Қорыта айтқанда, алдағы уақытта мемлекеттік архив қорын сапалы құжаттармен толықтыруда бірлесе атсалысатындарыңызға және құжаттармен жұмысты ұйымдастыруда жаңарған қағидаларды өз дәрежесінде жүзеге асыру алдағы уақыттағы ортақ міндетіміз.
«Шиелі аудандық архиві» филиалының
қор сақтау қойма меңгерушісі
Төлешова Назира Оңтайқызы