«АМАНАТ» партиясы – халықпен бірге
Түнеукүні «Аманат» партиясының Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова өткен жылдың қорытындысы бойынша бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Партияның басты мақсаты – әрқашан халықтың игілігі жолында жұмыс атқару. Өткен жылы аудандық партия филиалы тиісінше ауқымды жұмыстар атқарды. Жалпы аудан бойынша филиалға қарасты 5 786 партия мүшесінен құралған 24 бастауыш партия ұйым бар. Бүгінде партиялық жобалардың маңызы артып, партияның жобалары аясында ауданда бірқатар іс-шаралар жүзеге асып келеді. Атқарушы хатшы Жібек Баймұратованың сөзінше, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында пандустарға 40 нысанда мониторинг жұмыстары жүргізілген. Әлеуметке әл берген «Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алған болатын. Содан бері жаңа бағдарламаны ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, ауқымды істер жүйесі бір арнаға түсе бастады. Жобаға сәйкес несиелер барлық тұлғаға 2,5 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. Өткен жылы осы жоба аясында Шиелі ауданы 164,0 млн қаржы бөлынген. Қазіргі таңда 230,0 теңгені құрайтын 29 жобаның 172,2 млн теңгеге 22 жобаға несие беріліп, кәсіптерін жүргізіп келеді. Сондай-ақ өткен жылдан бастап халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы барлық өңірде іске асып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары бастау алған. Қарызсыз қоғам − халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен бас тамасы. Аталған жобада несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған ауыл тұрғындары, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер оқудан өтіп, тәжірибе алады. Брифингте Жібек Орынбайқызы партия жұмысына, атқарылған шараларға кеңінен тоқталып өтті. – «Aманат» партиясы Шиелі аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі – халық пен билік арасындағы көпір іспеттес өз жұмысын атқаруда. Қоғамдық қабылдау – халық пен билік арасын жақындату бағытында қолға алынған үздік жоба. Мұнда партия халықты ашық форматта қабылдайды және бірінші кезекте тұрғындардың өтініші мен құқықтары басты назарға алынады. Сондықтан арнайы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде тұрғындардың талаптілегі тыңдалып, арыз-шағымы, өтініштері бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Әрбір қабылдаулар мен іс шаралар әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланып, ақпараты салынып келеді. Бұл партияның әрдайым халықпен бірге екенін, тығыз қарым-қатынаста жұмыстар атқаратынын білдіреді. Сонымен қатар «Tazalike» партиялық жобасы бойынша бастауыш партия ұйымдарымен тұрақты түрде «Таза бейсенбі» тазалық акциясы ұйымдастырылып, әлеуметтік желіге жарияланды. «Атамекен» БПҰ төрайымы Н.Шалекеева «Tomiris» жобасына қатысып, іріктеу кезеңдерінен өтіп, Астана қаласында көшбасшылық оқыту курсынан өтті. «КітапAMANAT» жобасы аясында мәдени танымдық шаралармен, авторлармен кездесулер өтті, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында тұрақты түрде қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Жалпы Бастауыш партия ұйымдарының ұйымдастыруымен 282 іс-шара өтті. Оның ішінде 47 шара трансферт есебінен 3 947 427 теңгеге қаржыландырған, – деді Жібек Орынбайқызы. Брифинг соңында, жергілікті бұқаралық ақпарат қызметкерлері партия жұмысына қатысты сауалдарын қойып, тисінше мардымды жауап алды.
М.ИБРАГИМ