КӨШБАСШЫЛЫҚ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢЫ

Биыл оқу жылында өзін-өзі басқару ұйымының президенті 10 «А» сынып оқушысы Айгерім Ербай сайланса, Вице президент болып Ұлзат Сәулебекова, Шаһзада Қадрияева, ал «Мәдениет және өнер» фракция жетекшілері Кәусар Иманғали, Айымжан Жұмабек, «Дебат» фракция жетекшілері Кәусар Қажымұқанова, Биназир Сатбаева, «Спорт және салауатты өмір салты» фракция жетекшілері Елдос Жолдасбай, Нұршуақ Мұхитқызы, «Ақпарат» фракция жетекшілері Арайлым Қаблешова, Бейбарыс Есентайұлы, «Экология және еңбек» фракция жетекшілері Ақниет Ғалымқызы, Нұрдана Жақсылықова, «Қамқорлық» фракция жетекшілері Бекнұр Құрманәлі, Шындық Хабибулла, «Өзін-өзі тану» фракция жетекшілері Дильназ Туралиева, Мұхамеджан Оралбайұлы, «Құқық және тәртіп» фракция жетекшілері Нұрлыжан Сейтомар, Жанерке Байтемірова болып тағайындалып, мектеп-лицей басшылығының таптырмас көмекшісі ретінде белсенді түрде жұмыс істеуде. Мектеп парламентінің жұмысы – бұл тек іс-шаралар ұйымдастыру емес, бұл – мектептің мәдениеті мен дәстүрін сақтай отырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Олар оқушылардың мүддесін қорғап, ортақ істерді жоғары деңгейде үйлестіреді.
Сонымен қатар спорттық сайыстар, қайырымдылық акциялары, мәдени кештер – мұның бәрі парламенттің тынымсыз еңбегінің жемісі. Бұл команда өз еңбегімен мектеп өмірін жаңа деңгейге көтеріп, болашаққа сенімді қадам басуда. Мектеп парламенті – әрбір оқушының мақтанышы, бірлік пен шығармашылықтың шынайы үлгісі.
Айнұр ИБРАШ