КӨҢІЛДІ ЖАДЫРАТҚАН «ЖАЙДАРМАН»

Осындай әзіл-қалжынға толы мәдени іс-шараның біріне тоқталар болсақ, өткен аптаның қасиетті жұмасында «Салтанат сарайы» ғимаратында аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, «Өскен өңір» газетінің 85 жыл толуына орай Жайдарман ойындарының 1/4 ширек финалы өтті. Мәдени іс-шара барысында аудандық қоғамдық даму бөлімі басшысы Кенжехан Шахизатұлы сахна төріне көтеріліп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар іс -шараға журналист-заңгер, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Ақайдар Ысымұлы келіп командаларға әділ бағасын берді. Сайысты жүргізу тізгіні жастардың жанашыры, танымал жайдарманшы Рамазан Бақытжанұлына бұйырды. Жастарға тәлім-тәрбие беріп, қоғамдағы келелі мәселелерді астарлы әзілмен жеткізуге дәріптелген кеште өнерлі жастар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, сан түрлі қағытпа қалжыңдар арқылы сахналы қойылымдардың м а з м ұ н ы н а ш а б і л д і . К ө ң і л д і жадыратқан «Жайдарман» ойынын нәтижесінде 6 команда жартылай финалдық ойынға жолдама алды. Жарыс қатысушыларына әділқазылар тарапынан арнайы «Үздік ойыншы» дипломы Кәмшат Табиғатқызы мен Әлішер Мұханұлына берілді. Осылайша аудан көлемінде ұйымдастырылған көңілді тапқырлар бәсекесіне қатысқан барлық командалар есте қалар ойынды көрсетіп, көрермендер көңілінен шыға білді. Болашағын бүгіннен бастаған ауданның көңілді, жалынды, білімді жастары биіктерден көріне беруіне тілектес болайық.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ