Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘКІМ КУБОГЫ – «47 ҚЫРАНДАРЫ ҚҰРАМАСЫНДА»

ӘКІМ КУБОГЫ – «47 ҚЫРАНДАРЫ ҚҰРАМАСЫНДА»

Облыстық «Жайдарман» ойындарының кезекті ойыны Шиеліде өтті. Көңілділер мен тапқырлар кешінде аудан әкімінің кубогі сарапқа салынды. Сайыста аудандардан келген командалар бақ сынады.

Қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелердәі әзілмен әдемі жеткізіп, көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады. 10 құрама команда бақ сынаған сайыс тартысты әрі қызықты болды. Төрешілер де әділ қазылық етіп, жастардың ойынын жоғары бағалады. Жалпы жайдарманның ең басты ерекшелігі – қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек етуінде және де халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында. Сондай-ақ жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттырып, жастарды ұлтжандылық пен шығармашылыққа шыңдайды. Жайдарманда сахналық мәдениет, шеберлік, ән, би, мимика, сөйлеу мәнері, ойдың ұшқырлығы аса қатты назар аудартады. Осының барлығы өткізілген сайыста көрініс тапты. Сайыс нәтижесінде әділ қазылар алқасы тарапынан әзілдері үздік танылған командалар іріктелді. Сонымен, III орын Жөлек ауылынан келген «Үй жақтың балдары» командасына бұйырса, II орынды «Тел Сұлулары» құрамасы иеленді. Ал I орынды №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің «47 қырандары» құрамасы қанжығасына байлады. Айта кетейік, ерекше ойынымен көрермен көзайымына айналған Жаңақорған ауданынан келген Азамат Жақсылыққа «Үздік ойыншы» номинациясы берілді. Ал «Үздік әзіл» номинация бойынша «Ziyatker school» мектебінің 4-сынып оқушысы Аслан Есенбек лайықты деп саналды. Жарыс жеңімпаздарына кубок пен қаржылай сыйлықты аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы К.Есенбаев табыстады. Ойынға қатысқан өнерпаздарға да ұйымдастырушылар тарапынан арнайы алғыс хат берілді. Бұл іс-шара «Жастар ресурстық орталығы» КММнің тапсырысымен «Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік қызметі жобасы аясында «Арман асуы» қоғамдық қоры және аудандық Жайдарман лигасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Айнұр ИБРАШ

19 мамыр 2024 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

№81 (9245)

12 қазан 2024 ж.

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031