АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ӨТТІ

Кешті арнайы "Шиелі Жайдарман" филиалының жетекшісі Абу Мақсат жүргізді.
Жарысқа облыстан және ауданымыздан барлығы 10 команда қатысып бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын - 150 000 теңге "47 қырандар"
ІІ орын – 100 000 теңге "Тел Сұлулары". /Телікөл ауылы/ иеленді.
ІІІ орын – 70 000 теңге "Үй жақтың балдары" /Жөлек ауылы/ иеленді.
«Үздік ойыншы», «Үздік әзіл» номинация иегерлеріне 20 000 теңгеден қаржылай сыйақы берілді.
Сайыс жеңімпаздарына кубок пен қаржылай сыйлықты аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы К. Есенбаев табыстады.
Жарыс қатысушыларына ұйымдастырушылар тарапынан арнайы алғыс хат берілді.