Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕРЕКШЕ ХОББИ ИЕСІ

ЕРЕКШЕ ХОББИ ИЕСІ

Алаш ағартушысы Мағжан Жұмабаев «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» деп айтқандай, асық – қазақтың ұлттық ойындарының ең алғашқы сатысы һәм халықтың салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Асық малдың жіліктерін жалғастырып тұратын шағын сүйек ғана емес, ұрпақ тәрбиесінің аса қажетті құрайды. Ұлтық ойынның атасы ғана емес, көпшіліктің өткені мен бүгінгісінің көрінісі. Себебі ертеде қазақ баласы қолына ең алғаш асық ұстаған. Осындай ұлттық құндылықты дәріптеп жүрген ауданда жастар жетерлік. Солардың қатарына Шиелінің тұрғыны Айгерім Ғалымжанқызын атап кеткен жөн. Кейііпкеріміз «Басында хоббиім ретінде бастаған ісім кәсіпке айналды» деп бастады әңгіменің әлқиссасын.
– Асықты балабақшаларға көрнекілік ретінде жасап бастағанмын. Бір-бірінен көріп адамдар балаларына ойнауға алып жатыр. Әсіресе, балабақшадағы тәрбиешілер көп тапсырыс береді. Аудан тұрғындары да қалыс қалмайды. Үйде телефон көріп отырғаннан гөрі бір мезгіл ұлттық ойындарды үйреткен жақсы емес пе?! Менің де сол мақсатым – ұлттық құндылығымызды өскелең ұрпаққа насихаттау еді. Асықтарды мен Г16 гипсімен жасаймын. Жасалу жолын Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы үйреніп алдым. Гипсті құрылыс заттарын сататын жерлерден аламын. Күніне 3 сағат уақытымды бөліп, 200-300 асық жасаймын. Кебу уақыты 1 сағатты алады. Байқаймын, асық балабақшада тәрбиеленіп жатқан балаларға қызықты. Баланың қол маторикасы дамиды. Түстерді тез тез жаттап алатын көрінеді. Шығармашылыққа, шыдамдылыққа бейімделеді, – дейді жас кәсіпкер. Айгерімнің анасы Гауһар Байжанова балабақшада жұмыс істейді екен. Анасының жұмысына қажетті асықты жасап бастаған. Кейіпкеріміздің ісі осылай өрге домалай түседі. Ынта мен талабы биік Айгерім қолөнерді жанына серік етіп жүр. Кәсіп демекші, асықпен қатар, ол тиын жинауға арналған түрлі пішіндегі дүниелерді де жасайды. Жұрт оларға көбіне тойбастар ретінде тапсырыс береді екен. Оның айтуынша, жеңіл әрі сапалы өнімдер – жиын-тойдың сәніне шырай келтіретін таптырмас сыйлық. Айгерім Ая-София есімді 1 қыздың анасы. Өзі ағылшын тілі пәнінің маманы. Бала күтіміндегі демалыста отырса да, бос уақытын мүлдем зая кетірмейді. Ерекше хоббиі арқылы тыныштық тауып, шабыт алады. Расында, қазақ өнерін, мәдениетін дәріптейтін осындай жастар барына біз қуанамыз.
Айнұр ИБРАШ
11 қараша 2024 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031