Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕПТІЛІККЕ БАУЛИтын ерекше ойын

ЕПТІЛІККЕ БАУЛИтын ерекше ойын


Біздегі ұлттық ойындар түгелдей дерлік табиғи заттармен ойнауға негізделген. «Асық ату», «тоғызқұмалақ», «ақсүйек»... Қарап тұрсаңыз қарапайым ғана ойынның өзі тұтас халықтың тұрмысын айшықтап тұр. Әсіресе, қазақ қойды көп өсіргендіктен ұлттық ойындарда соған икемделген.Әттеген-айы, бүгінде ойын баласы пайдасынан зияны басым көршілердің пласмассадан жасалған түсініксіз ойыншықтарымен ойнауға әуес. Ал ұлттық ойындар тасада қалып барады. Жуырда аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі ежелден келе жатқан ойын түрін насихаттау мақсатында асық атудан сайыс ұйымдастырды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында өткен додаға 20 азамат қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жылдамдық пен дәлдікті талап етіп қана қоймай, ептілікке баулитын сайыста Бәкір Әбу топ жарып І орынды иеленсе, Диас Мархабаевқа ІІ орын, Мейіржан Жолдасбековке ІІІ орын бұйырды. Шара соңында бөлім басшысы Ағыбай Төлегенов барлық қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
20 шілде 2019 ж. 1 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031