Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл games: Түркістандық жастар қой қырқып, асық атып, ләңгі тебуден жарысты

Ауыл games: Түркістандық жастар қой қырқып, асық атып, ләңгі тебуден жарысты

Түркістан облысы Созақ ауданының жастары қой қырқып, асық атып, ләңгі тебу бойынша сайысқа түсті. Ашық аспан астында, табиғат аясында өткізілген "Ауыл games" сайысында қыздар от жағып, самаурын қайнатып, шоқта табаға нан пісіріп, ешкі сауудан жарысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
фото: NUR.KZ


Мұндай айрықша байқауды Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып отыр.
фото: NUR.KZ


Олардың сөзінше, жарыс жастардың рухани уызға жарып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуіне үлкен себеп болады.
фото: NUR.KZ


Тұрмыстық салт пен ойындарда біліктілігін сынаған сайыс тартысты өтті.
фото: NUR.KZ


Ауылдық округтерден барлығы 11 команда қатысты.
фото: NUR.KZ


Жастарға ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер баға берді.
фото: NUR.KZ


"Елбасы 2019 жылды "Жастар жылы" деп атағаны баршаға аян. Жастар жылында жастарымызды барынша қолдап, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту мақсатында Түркістан облысы, Созақ ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Ауыл Games" сайысын ұйымдастырдық", - деді Созақ ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы Жеңісәлі Бақытжанұлы.
фото: NUR.KZ


Сайыс ләңгі тебу, асық ату, қой жүнін қырқу, ешкі сауу, самаурын қайнату, табаға нан пісіру бойынша өткізілді.
фото: NUR.KZ


Ауылдың бір күндік тыныс тіршілігінен көрініс беретін шара күні бойы жалғасты.
фото: NUR.KZ


Ұлттық ойындарда белсенділік танытып, көзге түскен қатысушылар мен орын алған командаларға Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
фото: NUR.KZ
17 мамыр 2019 ж. 1 041 0