Асық ойнағанның ісі алшысынан түсер
«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» деген екен Алаш ағартушысы Мағжан Жұмабаев. Қазақтың ойындарының ең алғашқы сатысы һәм халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі әуелі асықты айтамыз. Асық малдың жіліктерін жалғастырып тұратын шағын сүйек қана емес, ұлттық тәрбиенің аса қажетті құралы. Ұлттық ойынның атасы ғана емес, халықтың бүгінгісінің көрінісі. Өйткені, ертеде қазақ баласы қолына ең алғаш асық ұстаған.
Қазақ қадіріне жете білетін болса, ұлттық ойындарға өте бай халық. Біз бүгін соның ішінде – асық ойыны туралы аздап қалам тербегенді жөн көрдік. Өйткені бүгінде осы асылымыз ұлттық мейрамдарда еске түсетін атрибутқа, көрмелерде көрсетілетін жәдігерге айналып бара жатқандай. «Балама сақасы мықты қой керек» деп іздейтін қазақтың да қарасы азайып барады. Ең сорақысы, бүгінгі жастар мен жасөспiрiмдер асықты архаизм деп есептейтін күнге жетті. Неге? Себебі қазір технологияның өрлеу дәуірі. Сондықтан болар заман талабына сай кейбір құндылықтарымыз жаңарып, жаңғырып жатса, кейбір дүниеміз ағымнан қалып, көңілден ұмыт болып бара жатқаны да жасырын емес. Асық ойыны – арнайы орынды талғамайтын, кез келген жазық жерде ойналатын спорттың түрі. Ең бастысы балаларды кішкентайынан бауырмалдыққа баулитын бірден-бір ойын түріне жатқызуға болады. Сондай-ақ үлкендердің бата бергенде «асығың алшысынан түссін» деген сөзінің өзінде терең мағына жатыр. Асық жастардың жүйке жүйесін дұрыс қалыптастырады. Ой өрісін кеңейтеді. Мінез-құлқын байсалдылыққа, төзімділікке тәрбиелесе, қимыл-қозғалысын дәлдікке, есептей білуге жетелейді. Бала асықты көздегенде сәл еңкейетіні бар. Осы көздеу процесі – тұнып тұрған йога екенін де біле бермейміз. Асық ойнау арқылы аяқ-қол серпіледі, жүрекке дем массажы жасалады. Буындары қатайып, босайды. Айта берсе, көп-ақ. Денсаулықтан бөлек, асық ойыны баланы санауға үйретеді. Айналасындағы адамдармен тіл табысуға баулиды. Одан қалды сақасына қорғасын құйып жүріп, металл өңдеуді меңгеріп алады. Иә, байқасаңыздар әр үйден табылатын асықтың бағасын бағамдай алмайды екенбіз. Олай болса смартфонға үңгіліп, интернетке жүгінген баланың ойлау жүйесі қайдан дамысын?

Сәл керіге шегініс жасасақ, байырғы ата-бабамыз дүниеге ұл бала келсе, бесігінің басына бөрінің асығын ілетін болыпты. «Арлан бөрі аш қалса да, иттен қалғанды иіскемейді» демекші, нағыз ер-азаматқа тән мінезді, бәле-жаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын деп ырымдаған. Ал қыз баласы болса, сұлу, көрікті болып бойжетсін деген ниетпен бесігіне еліктің асығын таққан. Тал бесіктен тәрбиенің бастауын асықпен астастырған қазақ халқының әр ісіне үңілсеңіз, терең мән-мағына жатады. Жинаған асығының санымен жарысатын ауыл балаларының қатары сиреген сәтте балабақшалар осы ұлттық ойынды үйретуді қолға алса, нұр үстіне нұр емес пе? Бұл туралы бұған дейін де түрлі ұсыныстар айтылып келеді. Ал осы игі бастаманы қолға алып, балапандарға асық ойнауды үйретіп жүрген «Аймира» балабақшасының тәрбиешісі Ләйла Ахметованың да еңбегін атап өтсек болады. «Ата-әже асық жина, немереге пайдалы іс сыйла» деп ата-аналарға әлеуметтік желіде хат жолдаған тәрбиеші, балабақша бүлдіршіндеріне арнайы уақыт қарастырып, ұлттық ойынды ұлықтап жүр.
Керуен көшіп, көш жаңарса да көмескі тартпайтын, қайта жанданып, жаңғыра түсетін құндылықтар жетерлік. Кезінде қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы «Асық – үлкен халықтық тәрбие. Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы» деп баға берген болатын. Олай болса дәлдеп, көздеп, есептеп асық ойнап өскен баланың қолға алған ісі де алшысынан түсері сөзсіз. Бүгінгідей технология дамыған мезетте «Мал баққан, жай жатқан» ел жоқ ХХІ ғасырдың әлем картасында. Олай болса жаңашыл ұрпақтың асығы алшысынан түссін деп тілейік!
А.Асанов