45 ЖЫЛДА 35 МЫҢ АСЫҚ ЖИНАПТЫ
Қазіргі балалардың көпшілігі асық атып, ләңгі теуіп, жалаң аяқ көше шаңын аспандатып жүгірмейді. Оның орнына құлақта құлаққап, қолдарына тақтайдай телефон ұстаған балғындарды көреміз. Асық ату демекші, ауданда 45 жыл бойы асық жинап, санын 35 мыңға жеткізген тұрғынды таптық.
– Менің асыққа деген махаббатымның оянуына анамның тигізген ықпалы өте зор. Бала күнімізде анам жинаған асықтармен ойнайтынбыз. Үлкейіп, өмірдің қазанында қайнаған шағымда да асық жинауды әдетке айналдырдым. Өзім дене шынықтыру сабағынан беретіндіктен, оқу қызметінде ойын әдісі маңызды рөл атқарады. Осы орайда бала кезімде ойнаған асықты қайта қолданысқа енгізсем деген ой туындады. Бұл бастаған игі ісіме мектеп ұжымы мен ата-аналар да қолдау көрсетті. Қазір оқушылардың ұлттық ойынға деген ынтасы күшті. Бүгінде марқұм анамның қолымен тазаланып, жиналған асықтарына 45 жыл толыпты, – деп бізбен әңгімесін жалғастырған Батырбек Пазылбеков асықтың бала тәрбиесіндегі, дүниетанымындағы рөлін де егжей-тегжейлі айтып берді.
«Асық ойынының бiз бiлмейтiн қандай түрлерiн атап айтар едiңiз?» деген сауалды жолдадық. Сонда кейіпкеріміз:
– Асық ойыны – балалардың ежелгi ұлттық спорттық ойыны. Оны ойнау үшiн балалар тақыр алаңға көлденеңiнен түзу сызық сызады да, соны бойлай тiгiлген кенейдi кезектесiп сақамен ату арқылы мергендiк сынасады. Кенейдi кiм көп атып салса, сол ұтады. Дегенмен, асық ойынының түрлерi көп. Мәселен, солардың iшiнде кеңiнен таралғаны «Үш табан», «Бiр табан», «Әйзiк», «Атпақыл», «Шығу», сондай-ақ, қыз-бозбалалар кешкiсiн үйде отырып ойнайтын – «Қора», «Хан талапай», «Құмар» «Алшы», «Таған», «Шеңбер», «Шiк-Бүк», «Доршке», «Қақпақыл», «Иiрмекiл», «Жемекiл» тағы басқа. Ең бастысы, «сақаң» жақсы болса болды, сонда ұту мүмкiншiлiгiң де арта түседi. Ол үшiн қорғасынды молырақ құю керек. Асықтар әртүрлi болып боялады. Түсiне, көлемiне қарай әрқалай бағаланып отырады. Ал ең жеңiл кiшкентай асықтарды боямаса да болады. Бұл асық ойындарының көздiң көру қабiлетiн және қолдың ептiлiгiн арттыруға пайдасы зор.
Білгеніміздей, Батырбектің асық көрсе, делебесі қозып тұрады екен. Жинаудан да жалықпайды. Бүгінде өсіп келе жатқан екі ұлына ұлттық ойынды үйретіп, тәрбиелеуде. Кезiнде асық атып, ержеткен қазақ жiгiттерiне бұл ойын мергендiктiң мектебi болды емес пе? Ендеше, асық ату қанымызға сіңгендіктен, осы ұлттық ойынға әр қазақ жанашырлық танытса дейміз.