ҮКІМЕТТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР – АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ

Бүгінде мемлекетіміз үкіметтік емес ұйымдардың демократиялық процестердегі рөлін сезіне келе, оған сеніммен қарай бастады. Соған сай азаматтық қоғамда мұндай ұйымдардың қатары артып келеді. Көп жағдайда оларды «үшінші сектор» деп те атайды. Атап айтсақ, бірінші сектор – мемлекет болса, екінші сектор – коммерциялық ұйымдар. Одан кейін бірнеше адамдардың бірлесіп, қоғамдасып жұмыс істейтін тобы – үкіметтік емес ұйымдар. Олар – белсенділер. Мұндай бірлескен топ пайда табумен айналыспайды. Олардың басты мақсаты – азаматтардың белсенділігін оятып, қоғамға пайдалы жұмыстар атқарады. Дәл солай өңірде де келелі мәселелерді көтеріп, халыққа пайдасын тигізіп жүрген үкіметтік емес ұйымдар баршылық. Айта кетейік, шара облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ә л е у м е т т і к т а п с ы р ы с ы н а с ә й к е с ұйымдастырылды. Сондай-ақ шараға ҮЕҰ өкілері және «Ел намысы» спорт клубы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Шәкірбекұлы мен «Үміт» мүгедектер қоғамдық қоры төрағасы Асылбек Смайлов қатысып, ұтып алған жобаларды баяндады. Кездесу соңында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Айнұр ИБРАШ