Байқауда бақ сынаңыз
2019 жылғы «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық – ресурс орталығы қызметін ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өтетін «Үздік ҮЕҰ», «Үздік әлеуметтік жоба» байқауларының ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты
– Әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуде азаматтық бастамаларды қолдау;
– Үкіметтік емес ұйымдардың позитивті имиджін қалыптастыру, облыстың белсенді үкіметтік емес ұйымын және жүзеге асырылып жатқан үздік жобаны марапаттау арқылы әлеуетін арттыру.
Байқау ұйымдастырушысы: «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» КММ-сі тапсырысына сәйкес, «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырады.
1. Жалпы ережелер
1.1. Байқауға әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған кез келген идеялар мен жобаларды қарастыруды көздейді.
1.2. Байқауға қатысуға саяси партияларды, кәсіптік одақтарды, діни бірлестіктерді есепке алмағанда, коммерциялық емес ұйымдарға жол беріледі.
1.3. Байқау үш кезеңде өткізіледі:
1) Бірінші кезең – байқау комиссиясы мүшелерінің өтінімдер мен ұсынылған өтінімдерді бағалауы. Байқау өтінімдері мен қатысушылар санына шектеу қойылмайды;
2) Екінші кезең – «Үздік ҮЕҰ», «Үздік әлеуметтік жоба» іріктеу мақсатында байқау комиссиясының өтінімдерді қарастыруы;
3) Үшінші кезең – үздік жоба авторларын салтанатты түрде марапаттау.
2. Байқау өтінімдерін ұсыну тәртібі
2.1. Байқауға қатысу үшін белгіленген формаға сәйкес, толтырылған (Қосымша -1) өтінімді және Power Point форматындағы жоба презентациясын (слайд) (Қосымша 2-ге сәйкес) ұсыну қажет. Өтінім электронды түрде «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының электронды мекен-жайына жолдануы irc.ogo@mail.ru немесе Абулхайр хан 77А, «Азаматтық орталығы»-на тапсырылуы қажет.
2.2. Байқау талаптарына сәйкес емес өтінімдер байқауға қатысуға жіберілмейді.
2.3. Байқауға келіп түскен құжаттарды құрылған комиссия отырысы қарастырады. Отырыс жабық түрде өткізіледі.
2.4. Өтінімді қабылдау мерзімі: 2019 жылдың 1-25 қазан аралығы, сағат 12.00-ге дейін.
3. Іріктеу критерийлері
3.1. Байқауға Қызылорда облысының аумағында қызмет атқаратын, үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына уақытылы тіркелген үкіметтік емес ұйым қатыса алады;
3.2. Заңды тұлға ретінде тіркелген куәлігінің көшірмесі;
3.3. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына тіркелгендігін растайтын құжат;
3.4. Жарғының көшірмесі;
3.5. Ұйым басшысының түйіндемесі, суретімен қоса (қазақ және орыс тілдерінде);
3.6. Жоба туралы толық ақпарат (2 ден кем емес жоба ұсыну);
3.7. Жоба бойынша атқарылған жұмыстардың бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет ресурстарда жариялануы бойынша дайджест;
3.8. Жоба бағытталған нысаналы топтардың пікірі;
3.9. Жобаның әлеуметтік маңыздылығы;
3.10. Жоба аясында әлеуметтік мәселелерді шешудегі тәсілдердің жаңашылдығы мен маңыздылығы;
3.11. Жаңа инновациялық технологияларды, формалар мен тәсілдерді пайдалануы;
3.12. Жоба аясында тартылған бюджеттен тыс қаражат және қосымша шаралар туралы мәлімет;
3.13. Іс-шараны жүзеге асырудағы әлеуметтік әріптестік тараптар;
3.14. Байқау барысында талап етілген құжаттардың толық тапсырылуы міндетті;
3.15. Байқау жеңімпаздары конкурстық комиссия шешімімен белгіленеді;
3.16. Өтінім байқаудың шартына сәйкес болуы;
3.17. Байқаудың комиссия мүшелігіне енген қоғамдық қор, қоғамдық бірлестіктер байқауға қатыса алмайды;
3.18. Байқауға тапсырылған құжаттар қайтарылмайды.
4. Байқауға жобалар келесі тақырыптық бағыттар бойынша қабылданады
4.1. Денсаулық сақтау саласы;
4.2. Білім саласы;
4.3. Кәсіпкерлік және туризм саласы;
4.4. Жастар саясаты;
4.5. Ұлттық құндылықты насихаттау (қазақ халқының ұлттық құндылықтары: тіл, салт-дәстүр);
4.6. Азаматтық қоғам институттары.
5. Марапаттау рәсімі
Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау рәсімінің уақыты мен орны туралы ақпарат қосымша хабарланады.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 708 870 37 78 Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурстық орталығы