Сыбайластықты болдырмайық
Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге үлкен мән берілуін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарының кадр және заңгер қызметкерлерінің жұмыстарына жаңаша бағыт беру, қызметінің тиімділігін көтеру және құжаттардың толыққанды, сауатты болуын қарастыру болып табылады.
Жасыратыны жоқ, жекелеген мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін тиесілі орындамауы, кейде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттер жасауы, бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің атына кір келтіретіні сөзсіз. Осыған орай, елбасы өз қызметіне немқұрайлы қарайтын мемлекеттік қызметкерлерді тәртіпке салуды, сыбайлас жемқорлықпен күресті еліміздің дамуының ең басты бағыттарының біріне айналдыруының маңызы өте зор деп атап көрсеткен болатын. Мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар жылдан жылға қатаңдай түсуде. Қазіргі ақпараттық қоғам дәуірінде мемлекеттік қызметкерлердің ақпараттық технологияларды игерулеріне баса назар аударылады. Жұмыстың этикалық бөлігінде де ерекше мән берілуде. Әрбір мемлекеттік қызметкер, азаматтардың талап-тілектерімен жұмыс жасай біліп, мәселенің мән-жайын анықтап, өз құзіреті аясында оның шешімін табуға бар күшін жұмсауы тиіс. Мұнымен қатар, қызмет бабына мемлекеттік қызметкер тек мемлекет пен қоғам мүддесін жетекшілікке алып, кез-келген жағдайда отансүйгіштік, саяси бейтараптық және заңға бағынушылық қасиеттермен танылуы тиіс. Бүгінгі күні мемлекеттік тәртіпті нығайту, бюрократтық тосқауылды жою, заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету – мемлекетіміздің басты басымдықтары ретінде айқындалып, күн тәртібінен түскен емес.
Ғ.Мұятов,
Шиелі ауданы бойынша МКБ бөлім басшысы.