ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ – ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан елдің дамуы жолында өскелең ұрпақ айрықша орын алады. Себебі бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға, тұтас ұлттың болашағы. 12 тамыз – жалынды жас буындың халықаралық төл мерекесі. Осыған орай Шиелі аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директорының міндетін атқарушы Ынтымақ Боранбайұлы ақпарат алаңында осы кезеңге дейін атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын ауқымды жоспарлармен бөлісті.
АУДАН ХАЛҚЫНЫҢ 30 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ЖАСТАР
Ш и е л і а у д а н ы б о й ы н ш а статистикалық мәліметтерге сәйкес 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны – 25 442 құрап отыр. Оның ішінде кент жастары – 11 836, ауыл жастары – 13 606-ға жеткен. Аудан жастары арасында «Жасыл Ел», «Дипломмен ауылға» және жастар тәжірибесі бағдарламасы кеңінен танымал. Бүгінде аудан бұқаралық спортты дамытуға, қайырымдылық жұмыстарға, волентерлік бағытта қарқынды жұмыстар атқарып келеді. – Аудан жастары – аудан айнасы. Аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы тұрақты түрде өткізіліп, күн тәртібіндегі мәселелер өз кезегінде оң шешімін тауып келеді. Бүгінде кент және ауылдық округтерде – 230 ерікті жұмыс істейді. Жастар саясатының жүзеге асырылудың басты міндеттері: жастарға қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, жастардың ғылыми-әлеуетін дамыту, NЕЕT санатындағы жастарды жұмыспен қамту, жасөспірімдер арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтық алдын алу. Бұл тұрғыда кент және ауылдық округ әкімдіктерімен бірігіп жүйелі жүмыстар жүргізіп келеміз. Биыл мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 40 млн 220 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 8 млн 645 мың теңге қаржы бөлінді.Нәтижесінде ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 4 6 51 жастың қатысуымен түрлі бағыттағы 115 шара ұйымдастырылды, – деді Ынтымақ Боранбайұлы.
960 ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Б и ы л ж ы л б а с ы н а н м а н с а п орталығына 960 жас азамат мемлекетік қолдау шараларымен, оның ішінде 399 азамат тұрақты жұмыспен және 561 жас азамат жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған. Бір сөзбен айтқанда, еңбек етемін деген жасқа жұмыс бар. Бастысы – ниет болса болғаны. – Еңбек биржасының базасында еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша 108 жұмыссыз жас азамат түрлі мамандықтар бойынша онлайн түрде оқыды. Сәйкесінше сертификаттар алды. Ауданда кәсіпкерлікпен айналысатын (тіркелген) 1 800 жас өз бизнестерін өркендетіп, ауданның дамуына үлестерін қосып келеді. «БастауБизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан 123 жас азамат өтіп, оның ішінде өзгеде нысаналы топтар қатарына жататын жаңа бизнес-идеяларды дамыту бағытында 38 жас азаматқа қайтарымсыз грант берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 11 жас азамат, жастар тәжірибесіне 85, ақылы қоғамдық жұмыс орындарында 294, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 1, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 9 азамат жолданып, жұмыс істеуде. Ал ауданының жұмыссыз жастары, демалыстағы студенттер мен жоғары сынып оқушыларын маусымдық жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағына 110 квота бөлініп, маусым айында 14 жас болса, шілде айында 82 жас аудан орталығында жұмыстануда, – дейді аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директорының міндетін атқарушы Ынтымақ Боранбайұлы. Қоса кетейік, киелі мекеннің жастары шығармашылығын дамыту мақсатында «Жастар кеші», аудандық жайдарман лигасы, ерікті жастар қатысуымен қайырымдылық акциялар, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорттық сайыстар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Сондай ақ «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша әлеуметтік санатына сәйкес, 73 маманға 618 млн теңге қаржы бөлініп, тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.
ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ ЖІТІ НАЗАРДА
Орталықтың негізгі жұмыстарының бірі – жастардың қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу. Батыр Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды, Тәртіпке бас иген құл болмайды» деп тәмсілдеген. Ақпарат алаңында Ынтымақ Боранбайұлы жастар қауіпсіздігінің алдын алу бағытында жасалған жүйелі жұмыстарды сөз етті. – Жастар арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жергілікті Прокуратура және Полиция бөлімімен бірлесіп, түнгі уақытта аудандағы жастар көп шоғырланатын орындарда, орталық алаңда, кәсіпкерлік нысандар мен ойын-сауық орталықтарында 33 рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар 14-35 жас аралығындағы жастар қатарынан пробациялық бақылау қызметі бөлімінің есебінде тұрған 28 азаматпен жоспарға сәйкес тиісті шаралар өткізілуде. Жыл басынан бері 85 құқықбұзушылық тіркелген. Оның ішінде 14-35 жас аралығындағы жастармен 31 қылмыс жасалса, оның 11-і ұрлық, 7-ы алаяқтық, 3-і бұзақылық және басқа да қылмыс, – деді. Жыл басынан бері аудандағы жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, әлімжеттілікке жол бермеу, бағытында аудандық мәслихат төрағасы мен депуттары, аудандық ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес төрағалары, белсенді жастардың қатысуымен аудандағы барлық білім беру ұйымдарында ата-аналармен, жоғарғы сынып оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылған. Одан өзге Шиелі ауданының полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жастар және жасөспірімдердің арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
ЕРІКТІ БОЛУ – ЕРЛІК
Жақсылық жасау, жығылғанға сүйеу, жылағанға тіреу болу – кез келген адамның қолынан келетін іс. Тіпті бұл қазақ халқының өмір заңдылығы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігіне сіңіп кеткен құндылық. Мұны біз алыстан сұлбасы көрінген қарияның жүгін көтеруге асығатын баладан немесе жасы кішіге ізет білдіріп, үлкенге құрмет көрсетіп жүрген жастардан аңғара аламыз. Қазіргі таңда жақсылық жасаудың осынау үлгісі мемлекеттік маңызға ие болып, оған үлкен мән берілуде. Сәйкесінше қоғамда еріктілердің беделі де биіктей бастады. Оның бір дәлелі – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауғаны. Міне, сол уақыттан бері аудан еріктілері қолдан келгенше жақсылық жасап жарысуда. – Волонтерлік қызмет көрсету бойынша «Біз біргеміз Шиелі» еріктілер тобының жұмысы өз маңыздылығын көрсетуде. Ұйым өз жұмысын бастағалы әлеуметтік жағдайы төмен 3 отбасыға баспана сыйлап, бір үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізілуде, қыркүйек айының 10-на дейін беріледі. 4 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 6 үйге көгілдір отын кіргізілді. 6 емдеу шаралары: 2-і Өзбекстан, 1-і Беларуссия, 1-і Астана, 1-і Алматы, 50 отбасыны тұрақты түрде азықтүлікпен қамтамасыз етуде. 100-ден астам оқушыны мектеп формасы, құралжабдықтармен, тұрмысы төмен отбасы отбасылардың балаларына 15 спорттық формамен қамтамасыз етті. Спортты дамыту мақсатында турнирлер де өткізілуде, – деді Ынтымақ Боранбайұлы. Қазақ халқының қай баласы болса да, өзгенің қолтығынан демегеніне ақы сұраған емес. Олардың ақ батасын алғанның өзін абырой санаған. Еріктілік те солай. Ерікті болғысы келген жан жасаған жақсылығына өтемақы талап етпеуі керек. Керісінше ерікті болу арқылы сіз ортаңызды кеңейтуге, жаңа достар табуға, өзгенің алғысына бөленуге мүмкіндік аласыз. Яғни еріктілік сіздің рухани қазынаңызды байыта түседі. Өн бойыңыздағы адамгершілік қасиетіңізді арттырып, мейірім шуағыңызды молайтады.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ 10 КҮН ТОЙЛАНАДЫ
Биыл – Халықаралық жастар күні 10 күн яғни, 3-12 тамыз күндері аралығы атап өтіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өткен брефингте Ынтымақ Боранбайұлы жастардың тікелей қатысуымен өтетін жобалар мен шараларға тоқталып, аудан жастарын игі шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды. – Жылдағы дәстүр бойынша, биыл да Халықаралық жастар күнін ерекше атап өтуге тырысамыз. Өткізілетін нақты шаралар тізімін бекітіп, жүйелі түрде атқарылуына дайындық жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «Таза Қазақстан» акциясы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатысуымен «Jasyl Marafon24», жас режиссерлер түсірген фильмдерді көрсету мақсатында «Aspan Cinema» шарасы, Жастар денсаулық орталығының» көшпелі форматтағы ашық есік күні, Кітап сыйла», «Түнгі кітапхана», «Игі істер марафоны» сияқты түрлі танымдық жобаларды жүзеге асырамыз. Сонымен қатар 10 тамыз «Абай күні» болып белгіленсе, 11 тамыз «Нашақорлықпен күрес» акциясы өткізілсе, 12 тамыз күні «ЖАСТАРМЕН БІРГЕ!» open air форматында қорытынды кеш өтеді, – деді Ы.Қаппаров.
М.ҚАЙРАТҰЛЫ