Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада облыстық жастар слеті өтті

Қызылордада облыстық жастар слеті өтті


Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданының Бірлік ауылында жастар жылы аясында облыстық жастар слеті ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық спорт ойындарын дәріптеу. Алдымен қатысушылар ауылдың тыныш-тіршілігімен танысты. Ауыл жастары слет делегаттарын Бірлік ауылында орналасқан стадион, ұлттық мерекелер өткізуге арналған арнайы орын, ауыл мешіті, жастар қолымен егілген 390 түбі бар алма бағымен таныстырды.Одан әрі слет жұмысы пленарлық отырыспен жалғасты. Шараға аудан жастары, жұмысшы жастар, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша ауылда қызмет етуші жастар, "Атамекен" балалар ауылының тәрбиеленушілері, "Жастар үйінің" тұрғындары, жас кәсіпкерлер, мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты.
Слет жұмысы Жаңақорған ауданындағы Үсен бауында ұлттық ойындар фестивалімен қорытындыланды.

17 маусым 2019 ж. 1 143 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 65

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031