Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЖАСТАР - ЕЛ ЕРТЕҢІ, ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»

«ЖАСТАР - ЕЛ ЕРТЕҢІ, ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»

Аудан әкімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде Жастар слеті өтті.
Аталған слетке ауданның белсенді жастары, кент, ауылдық округтегі жастар ісі жөніндегі мамандар мен жас кәсіпкерлер қатысты.
Слеттің мақсаты мемлекет басшысы 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты жастардың қоғамдағы орнын айқындау, жастардың арасында белсенді орта құру, азаматтық принциптер мен өзіндік көзқарасты қалыптастыру, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтап, бірлігі жарасқан отансүйгіш жастардың санын арттыру болып табылады.
Жастар слеті басталмас бұрын дарынды жастардың туындыларынан әзірленген көрме өтті.
Слеттің алғы сөзін аудан әкімі Әшім Оразбекұлы алып, жастарды қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтауға, бірлік пен бірегейлікті нығайтуға шақырып, биылғы «Жастар жылымен» құттықтады. Ел болашағы үшін маңызды да саяси шаралардың бастауы болар Жастар жылында әрбіріңіздің арман – мақсаттарыңыз орындалып, Мәңгілік елдің мәртебесі биіктесін - деп атап өтті.
Сонымен қатар, аудан жастарын Шиелі жерінен түлеп шыққан танымал тұлғалар Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері Зейнабілов Жомарт, «Қазақстан Ұлттық телеарнасының бас продюсері, кинорежиссер Нұрлан Қоянбаев, облыс әкімінің Грантының иегері, Ресей елінің МИСИС университетінің магистранты Бауыржанұлы Сұлтанмұраттың Жастар жылымен бейнеролик арқылы құттықтауы тамашаланды.
Мерекелік шарадан керемет әсер алған жастар кеш соңын мерекелік би кешімен жалғастырып, отшашуды тамашалады.


10 қаңтар 2019 ж. 1 955 0