Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жігерлі ұрпақ – келешектің кепілі

Жігерлі ұрпақ – келешектің кепілі


Өткен аптаның жұма күні «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері мен өңірдің «Жастар парламенті» депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Шара «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының мәжіліс залында өтіп, оған белсенді жастар қатысты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастар – ел болашағы» деген болатын. Тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы қадамдары қарышты болуына өз үлестерін қосып келе жатқан жастар білімді, білікті, отаншыл азаматтар болу жолында аянбай еңбек етіп келеді. Жастардың қоғамдық өмірге араласып, белсенділік танытуы жастар парламенті арқылы жүзеге асырылып келеді. Жастар парламентіне кандитат ретінде білім беру орындары, денсаулық саласының мамандары, ауылдық округ жастары, жас кәсіпкерлер мен ерікті жастардың арасынан барлығы 29 жас қатыстырылды.
Кездесудің күн тәртібінде бірінші мәселе бойын­ша, ағымдағы жылғы 5 қазан күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндірді. Жолдауда ел Тәуелсіздігі жылдарында атқарылған өлшеусіз сындарлы жұмыстардан бастау алып, стратегиялық мақсат-2050 жылдарға қарай әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуге бағытталған шаралардың нәтижелері сараланды. Осы Жолдау жайлы «Жас­тар ресурстық орталығы» КММ аға кеңесшісі Б.Өтебаев баяндама жасады. Мұнан соң аудандық жастар парламенті депутаттарының құрамын қайта сайлау және тағайындау болды. Бестам, Керделі, Майлытоғай және Жиделіарық ауылдық округтерден депутаттар жаңартылды. Жиындағы үшінші мәселе бойынша 2019 жылы «Жастар жылына» ұсыныстар мен пікірлер тындалды. Отырыс соңында депутаттар жастармен жұмыс істеуде көптеген өзекті мәселелерді көтеріп, шешілу жолдарына бірлесе жұмыс жасауды тілге тиек етіп, тарқасты.


Ж.Нұрғалиева.
27 қараша 2018 ж. 1 051 0