ШИЕЛІДЕН АҚПАР:
Бүгін Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі және «Береке жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен сала мамандарын тарта отырып, бірқатар ауылдық округтерде (Алмалы, Ақтоған, Телікөл, Жуантөбе, Бестам) Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндірді. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар «Дипломмен ауылға» жобасы, Жастар тәжірибесі, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы», қайта даярлау курстары Жастар кәсіпкерлігін дамыту, жаңадан қалай кәсіпкерлік ашуға болады және жастарға берілетін жеңілдіктер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жастар Ресурстық Орталығы Шиелі ФБ парақшасынан
Жастар Ресурстық Орталығы Шиелі ФБ парақшасынан